Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛТЫН ДІҢГЕК

АЛТЫН ДІҢГЕК

Конституция күні – халқымыз үшін маңызды күн һәм мәртебесі биік мейрам. Алаштың айбынына, азаттықтың алтын арқауына айналған Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 30 жыл толды. Еліміздің тәуелсіздігін заң жүзінде бекітіп, халқымыздың рухани мұрасы мен тарихы тағдырын айшықтаған бұл қасиетті құжат 30 жылдан бері мемлекеттегі барлық жағымды істің жаршысы, берекелі бастаманың бағдары болып келеді.
Отыз жылда Ата Заңның арқасында Қазақстан өз Туын тіктеп, Тәуелсіздігін тұғырға көтерді, Елтаңбасын әлемге танытты, Әнұранын асқақтатып, өз жолын айқындады. Әрбір жас – осы заңның қорғауында. Әрбір ата-ана – осы заңның тірегінде. Әрбір отбасы – осы заңның өрісінде.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде «Дамудың даңғыл жолын салған Ата Заң» атты салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев және зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты шарада сөз алған ­аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы аудан тұрғындарын мәртебесі биік мерейлі мерекемен құттықтады.
Сонан соң ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуына үлес қосып, қажырлы еңбек етіп келе жатқан бірқатар азаматтарды облыс және аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапаттады.
Мереке қарсаңында ел игілігіне жаңа ғимараттар қолданысқа беріліп, аудан тұрғындары үшін ерекше сәттерге толы болды. Атап айтар болсақ, жас ұрпақтың жанжақты дамуы үшін жалпы құны 1 млрд 68 млн теңге болатын 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» ашылды. Сонымен қатар мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің заманауи ғимараты қолданысқа беріліп, Оқуағарту министрлігінің қолдауымен күрделі жөндеуден өткен №219 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жаңа кейіпке еніп, кенттегі «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Осынау салтанатты күні ұйымдастырылған шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары көрермен қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Конституция күні – жүрегі елім деп соққан әр қазақ үшін бұл – өткеннің өнегесі, бүгіннің бағдаршамы, болашақтың берік тұғыры. Ендеше, Ата Заңымыздың айбары артып, еліміздің келешегі кемел болғай!

М.ИБРАГИМ
03 қыркүйек 2025 ж. 33 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 33

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930