Еліміздің тірегі мен тұғыры
Қазақ батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», – деген еді. Қай заманда да, қай қоғамда да елді тәртіпке бағыттайтын, халықтың жарқын болашағына кепіл боларлық бір заңның болуы шарт. Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Есім ханның «Ескі жолы» тарих жылнамасында қазақ елдігінің ұранына айналып, бірлігі мен берекесінің мызғымас тірегі болып қалды. Ал, Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген діңгегі биік, аманатқа адал қазақ халқының рухын тіктеді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған соң, жаңа дәуірдің жасампаз даңғыл жолы ашылды. Мемлекет болып қалыптасудың алғышарттарының бірі – Конституция қабылданып, қоғам өзгерісіне сай толықтырылып отырды. Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып аталып келеді. Елбасы Н.Назарбаев: «Конституция – еліміздің мызғымас бірлігінің кепілі», – деген болатын. Мемлекет үшін ең маңызды – адам және оның ар – ожданы. Халық даналығында «Арым – жанымның садағасы» деп бекер айтылмаған. Адами қасиет, намыс, ізгілік, келісімпаздық, халықаралық ынтымақтастық – Ата Заңның басты қағидалары болып табылады.
Қазір еліміз – әлемдік дәрежеде танымал, экономикалық әлеуеті жоғары, халықтар достығын, діндер мен конфессиялар бірлігін қалыптастырған мемлекет. Мұның бәрі – Елбасының салиқалы саясаты мен Ата Заңның беріктігінің, тегеурінділігінің арқасы. Өміршең өркениет көшіндегі қазақ елінің Ата Заңы ғылыми тұрғыдан қаралып, халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілуде. Мұның өзі – Конституцияның құқықтық тұрғыдан қолданылу аясынан бөлек дүниежүзілік қауымдастықта зерттеліп, тәжірибеге енгізу мүмкіндігі туғандығының айғағы.
Бұл біз үшін ерекше мақтаныш! Әрбір азамат өз бойында құқықтық білік, ақпараттық құзіреттілік қалыптастырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеп, Ата Заңымыздың айбарын асқақтатуы қажет. Себебі, Конституция – елдігіміздің, кемел келешегіміздің кепілі.
Ж.Баймұратова,
аудандық ішкі саясат
бөлімінің басшысы.