ИНТЕРНЕТІ ЖОҚ АУЫЛДА РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУ БОЛМАЙДЫ
«Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» бүгінгі ғылым мен технология дамыған заманда күнделікті өмірімізді қалтафонсыз елестете алмаймыз. Адамзат тарихында ХІХ ғасырдың соңында пайда болған байланыс құралы – үй телефондары өткен он жылдықта ауданымыздың барлық ауылдарына жетті. Әлбетте, ХХІ ғасырда өмір сүре отырып телефон игілігін көрдік дегенді жаңалық дей алмайсың. Ал, бұл тұстағы әңгіме ауылдық жерлердегі интернет жылдамдығы турасында.
Қаңтар айының екінші онкүндігі әкімдердің есепті кездесулерімен есте қалады. Осы есепті кездесулерде жыл қорытындыланып, келер күндердің міндеттері айқындалады. Ауыл-аймақтардағы өзекті мәселелер ортаға салынатын кез де осы жиындар. Ауылдарды аралаған аудан әкімі мен активтерінің алдына қойылған мәселелердің бірі кейбір елді мекендердегі интернет жылдамдығы. Білім беру, денсаулық сақтау жалпы электронды жолмен орындалатын барлық қызмет уақытылы бітпей сарсаңға салып жатады. Маңызды салалардың бірі денсаулық сақтау мекемелерінде жылдамдығы жоғары интернет тұрмақ, баяу ғаламтор да көзден ғайып болған. Осындай шағымын Телікөл ауылының тұрғындары ортаға салған болатын. Интернеттің жұмыс істемеуінен есепте тұрған науқастар тегін дәрісін ала алмай, аудандық аурухана порталына тіркеле алмай дал. Аталған ауылда өткен есепті кездесуде аудан әкімі «Қазақтелеком» АҚ Шиелі аудандық бөлімшесінің бастығы А.Жұмабаевқа мәселені анықтауды тапсырған. Бұл жайды назарда ұстаған біз де ауылдық медпункттің фельдшері И.Нұрекеевке хабарласқан болатынбыз.Шетін мәселенің шешімі табылмағанын білдік. Ал, жауапты сала мамандарымен байланысу мүмкін болмады.
Қайсыбір ауылдарда жылдамдығы жоғары интернет желісінен бөлек ұялы телефон байланысы да мүлдем ұстамайды. Осы бір олқылықтарды өзінше шешудің жолын тапқан ауылдар да бар. Сондай ауылдардың бірінде сыртта жүрген азаматтары туған жеріне 3G қондырғысын орнатып, байланыс пен ғаламтор жылдамдығын арттыруға өз септігін тигізіп жатыр. Осылайша өскен өлкесіне аз да болса перзенттік тартуын жасап жүрген жандар да бар екені жасырын емес. Жә, «гүл берген қолда гүлдің иісі қалады». Бұл ауыл әкімі мен ауылдан шыққан қалталы азаматтардың халық игілігі үшін атқарған ісі. Осыны үлгі ете білгендер ауылдың ахуалын қазына қаржысына қол жайып отырмай-ақ көтеруге болатынын ұғынар еді. Телефон байланысының ұстамауы кент орталығынан алыс ауылдардың біразында бар түйткіл. Көп ауылдарда байланыс пен ғаламтор жылдамдығына арналған қондырғылар орнатылған арнайы бағаналар(вишка) бар. Сол бағаналардың кейбірі өз қызметін атқара да алмай жатқан ауылдарды көріп жүрміз. Бұл құмға сіңген қаржы, «жасалды» деген есеп қағазы.
Елбасымыздың кезекті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көзделген он міндеттің орындалуы – ол сандық технологияны бар салаға енгізу. Қазақстан өзінің Үшінші жаңғыруын бастап, «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасын қабылдағаны да белгілі. Заманауи технологияны тіршілігімізге тамырлатып, Төртінші өнеркәсіптік революцияға енуді маңызды міндет еттік. Осы міндеттерді жүзеге асыруда байланыс пен ғаламтор нашарлығы кемел келешекке бет алған көшті кері тартпайды ма? Аудан әкімдігі көтерген мәселемізді алдағы уақытта жіті назарында ұстап, жауапты сала, яғни аудандық телекоммуникация торабы, ауыл әкімдері осы түйткілді тарқату төңірегінде табанды тірлік еткені жөн деп білеміз.
Бақытжан МӘДЕН.