Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ресейден озды

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ресейден озды


Қазақстан кең жолақты интернет жылдамдығының жаһандық индексінде екі саты төмендеп, 54-орынға жайғасты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.


Speedtest Global Index сайты 2017 жылдың 1 желтоқсанына берген статистикасына сәйкес, Қазақстанда интернет байланысының орташа жүктеу жылдамдығы 25,96 Мбит/с болды. Бұл көрсеткіш Ресейден 11,45 Мбит/с аз. Беларусия 28,78 Мбит/с көрсеткішпен 51-орынға жайғасты. Ал, Арменияда 19,68 Мбит/с (69-орын), Қырғызстанда 14,01 Мбит/с (91-орын) жылдамдық.
Бірақ Қазақстан мобильді интернет жағынан 18,9 Мбит/с жылдамдықпен Ресейден (16,65 Мбит/с , 74-орын) озып, 64-орынға жайғасты. Қырғызстан 98-орында (11,76 Мбит/с), Беларусь 95-орында (12,88 Мбит/с). ЕАЭО елдері арасында Армения 23,82 Мбит/с жылдамдықпен көш бастап, 52-орында тұр.
Бұдан басқа, кең жолақты интернет рейтингінде Сингапур бірінші орында. Бұл елде интернет жүктемесі 161,21 Мбит/с. Ал, мобильді интернет тізімінде 61,2 Мбит/с жылдамдықпен Норвегия көш бастады.
Дереккөз: 365.kz
http://zhambylnews.kz
08 қаңтар 2018 ж. 1 760 0