Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Басқарма басшысы мектептің ыстық тамағына жауапты кәсіпкерлермен кездесті

Басқарма басшысы мектептің ыстық тамағына жауапты кәсіпкерлермен кездесті


Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет іссапармен Қазалы ауданына барды. Аймақтың бас ұстазы жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, оқушыларды ыстық тамақпен қамтудың жай-жапсарын талқылады. Жиынға аудындық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, аудандағы 15 мектептің ыстық тамағына жауапты кәсіпкерлер қатысты.

Биыл облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен бастауыш сынып оқушыларына ыстық тамақ беру үшін 5 миллиардқа жуық қаржы бөлінді. Ендігі міндет балаларды бұл игілікпен толықтай қамту екенін жақсы білесіздер. Сондықтан ас сапасын жоғарылатып, заңдылыққа сәйкес жұмыс жасауларыңыз сұралады. Сонымен қатар ас мәзірін байытып, бүлдіршінге берер ауқатты үнемдемеулеріңізді сұраймыз, – деді басқарма басшысы.
Бұдан соң кәсіпкер Бақыт Панова ыстық тамақты тексеруші комиссияның жұмысына тоқталды.
Ас мәзірін, оның сапасын арнайы бекітілген комиссия мүшелері тексеріп тұрады. Бұл өзімізді реттеу үшін де, аспазшылардың өз ісіне жауапкершілікпен қарауына да көп септеседі. Өзіміз де бала өсіріп отырғандықтан кішкентайлардың сапалы, тойымды ас ішкенін қалаймыз. Біздің де қызметімізді ескеріп, оқушылардың жайына алаңдаушылық танытып отырғандарыңызға алғысымызды білдіреміз, – деді кәсіпкер.
Айта кетейік, ауданда 37 мектептің бастауыш сынып оқушыларын толық ыстық тамақпен қамтуда 8 кәсіпкер қызмет етеді.
09 ақпан 2023 ж. 236 0