ЖАЙЛЫ МЕКТЕП – САПАЛЫ БІЛІМ
Мемлекет басшысы өткен жылы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында адам қамы үшін жасалар көптеген жұмыстар айқындалды. Экономика, салық саласы, өндіріс, білім, әлеуметтік сала бойынша жан-жақты талдау және оны шешуге бағытталған міндеттерді көрдік.
Жолдаудағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы алдағы уақытта орта білім мәселесін оңтайлы шешудегі басты жұмыстың бірі болмақ. Тек қана мектеп педагогының жалақысы өсіп қана қоймай, олардың жұмыс орны, ал балаларымыздың білім алатын мектебінің заманауи жайлы болуы болуы да маңызды. Мысалы, Алматы және Астана қалаларында ашылған «Binom» мектептері осындай үлгімен салынған. 2025 жылға дейін осындай жайлы мектептермен 800 мың оқушы қамтылатын болады. Ол білім сапасын жақсартып, оқушылардың қауіпсіз ортада білім алуына ықпал етеді.
Жолдаудағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы алдағы уақытта орта білім мәселесін оңтайлы шешудегі басты жұмыстың бірі болмақ. Тек қана мектеп педагогының жалақысы өсіп қана қоймай, олардың жұмыс орны, ал балаларымыздың білім алатын мектебінің заманауи жайлы болуы болуы да маңызды. Мысалы, Алматы және Астана қалаларында ашылған «Binom» мектептері осындай үлгімен салынған. 2025 жылға дейін осындай жайлы мектептермен 800 мың оқушы қамтылатын болады. Ол білім сапасын жақсартып, оқушылардың қауіпсіз ортада білім алуына ықпал етеді.
Жуырда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
– Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысының бастамасымен
2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында осы жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Нәтижесінде алдағы 3 жылда облысымызда 15100 орынға арналған заманауи 21 мектеп салынады деп жоспарлануда. Биыл 10 мектептің құрылысын бастаймыз. Жобаның жалпы құны – 100 млрд. теңге. Сөз арасында бұл білім саласы бойынша Тәуелсіз ел тарихындағы үлкен жоба екенін айта кету қажет, – деді басқарма басшысы баяндама барысында.
Аталған 10 мектептің біреуі Шиеліге тиесілі. «Жайлы мектеп» жобасы аясында кент орталығынан заманауи, жаңа технологиялық құрылғылармен жабдықталған 900 орындық жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Қазір тиісті құжаттары рәсімделуде. Бұл 100 жылдық тарихы бар көне ғимарат – «№45 Ақ Орда» мектеп-гимназиясына арналмақ.
– Білім ордасының іргетасы биыл қаланады. Мектеп ғимараты пайдалануға берілгеннен кейін, «№45 Ақ Орда» мектеп-гимназиясы жаңа білім ордасына көшіріледі, – дейді аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Одан бөлек, биыл облыс бойынша пайдалануға берілетін 5 мектептің ішінде Байсын ауылында 250 орындық білім ошағы да бар.
Иә, соңғы жылдары елдегі білім саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Мәселен қазір облыстағы барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен толық қамтамасыз етілген. Енді ағымдағы жылы барлық білім ордасына дабыл түймесі орнатылатын болады.
– 2023 жылы 1-4 сынып аралығындағы балаларды ыстық тамақпен қамтуға жергілікті бюджеттен 5,6 млрд теңге бөлінді. Бұл аймағымыз бойынша биыл алғаш рет жүзеге асырылып отыр, – деді М.Шермағанбет.
Өздеріңізге белгілі, аймақ басшысының бастамасымен балалар жылында ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Бірінші кезекте облыс әкімі Н.Нәлібаев Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі «Оқушылар Сарайын» салу бойынша «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшылығымен келісімге келді. Нысан биыл Сырдария өзенінің сол жағалауында бой көтеретін болады. Бұған қоса облыс бойынша 80 спорттық-ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілді.
Жалпы, «Балалар жылы» аясында облыста түрлі форматтағы 12 мыңға жуық шара ұйымдастырылып, оған 200 мыңнан аса бала қамтылды.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ