Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2025 жылдан бастап жаңа стандарттар бойынша мектептер салына бастайды

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жаңа стандарттар бойынша мектептер салына бастайды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында 2025 жылға қарай жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орындық мектеп салу көзделіп отырғанын мәлімдеді.

"Біздің басты міндетіміз – халықтың мектепке дейінгі, мектептегі, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары деңгейдегі сапалы білім алуға барлық жерде қол жеткізуін қамтамасыз ету", - деді Әлихан Смайылов.
Ол бұл бағыттар бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. 2021 жылдан бастап 674 балабақша ашылды. 326 жаңа мектеп іске қосылды. 1436 мектеп жаңғыртылды.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы әзірленуде. 2025 жылға қарай жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орындық мектеп салу көзделіп отыр", - деді Әлихан Смайылов.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейі қадағаланатын болады.











10 тамыз 2022 ж. 1 041 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930