Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп ғимараттарының жайы қалай?

Мектеп ғимараттарының жайы қалай?

Жексенбі күні Шиелі ауданына арнайы жұмыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет келді. Сапар барысында олар аудан әкімі Нұржан Ахатовпен бірге білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындық барысын пысықтады.
Жиылғандар алдымен Бәйтерек ауылдық округіндегі Бидайкөл ауылында орналасқан №148 орта мектеп ғимаратының жылу қазандығын табиғи газға ауыстыру жұмыстарының барысын және кентте орналасқан №46 А.Пушкин атындағы мектеп-лицейіне қажетті қосымша 300 орындық ғимарат салу жұмыстарымен таныс­ты. Әрі қарай Шиелі индустриалды-аграрлы колледжінің алдағы оқу жылына дайындығын, білім алушылардың оқу шеберханаларында қолайлы тәжірибе алмасуы мен сапалы білім алу жағдайын көрді. Сондай-ақ Жансейіт елді мекенінде орналасқан №133 негізгі мектеп ғимаратының ахуалын көріп, алдағы уақытта замануи талаптарға сәйкес 100 орындық жаңа мектептің құрылысын салу жөнінде тиісті ұсыныстарды зерделеп, қарау қажеттігін жеткізді.
Аралау барысында білім басқармасы мен аудан әкімдігіне табиғаттың тосын мінезінен толық зақым келген Досбол датқа ауылындағы №155 Д.Шыныбеков атындағы және Бәйгеқұм ауылындағы №251 М.Әуезов атындағы мектеп ғимараттарының шатырлары және ішінара шатырлары ұшып кеткен бірқатар білім нысандарының төбе жабындыларын қалыпқа келтіру жұмыстарын жеделдету тапсырылды. «Бұл үшін тиісті комиссия қорытындысына сәйкес ұсыныстар беріліп, шұғыл арада қаражат қарастыру керек», – деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.
Айта кетейік, қазіргі таңда аудан бойынша 40 білім беретін ұйымдардың ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, балалардың жаңа оқу жылында кедергісіз білім алуына барлық жағдайлар қарастырылуда.

Рамазан ӘНӘПИЯ
16 тамыз 2022 ж. 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031