Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбе облысында Білім күні 9 мектеп пайдалануға беріледі

Ақтөбе облысында Білім күні 9 мектеп пайдалануға беріледі

Ақтөбе облысында соңғы 3 жылда 48 мектеп салыныпты. Қазірдің өзінде 27 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 9-ы Білім күні пайдалануға беріледі. 2020 жылға дейін 3 ауысымда білім беретін және апатты жағдайда тұрған мектептер түгелдей жойылуы тиіс. Қаладағы №47 мектеп ғимараты 1941 жылы салынған. Содан бері бірнеше рет күрделі жөндеу жасалып, жаңғырту жұмыстары жүргізілген. 2014 жылы шатыры мен жертөлесі жөнделген. Ал биыл облыстық бюджеттен 19 млн теңге бөлініп, жылу жүйесі ауыстырылды. Күтіп ұстаған соң ғимараттың ескілігі білінбейді. Ауласы да абаттандырылған. Ал мектеп түлектері «Туған жер» акциясымен акт залын жабдықтаған. Тазагүл Әбдиева, мектеп директоры: - 2018-2019 жылғы оқу жылына біздің мектептің 2 корпусы да дайын. Жасалған жұмыстар: мектептің екі ортасында асфальт, шатыр, пандус, т.б. Міне, осындай жұмыстар жасалды. Жалпы, біздің мектептен 500 бала оқу жылын аяқтады. Биыл облыстың білім беру саласына 85 млрд теңге қаралған. Яғни жергілікті бюджеттің 40 пайызы осы салаға жұмсалады. Қазір облыс аумағында 26 мектеп салынып жатыр. Оның 15-і жыл аяғына дейін тапсырылады. Яғни 2 апатты, 2 ескі және 14 үш аусымды мектептің проблемасы шешіледі. Алмагүл Толыбаева, облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы: - Биылғы жылы 64 білім беру нысанына күрделі және әртүрлі ағымдағы жөндеу жүргізуге облыстық және жергілікті бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді. Онда жасалған жұмыстар: ғиамараттардың шатырын ауыстыру, терезелерін ауыстыру және жылу, электр желілерін ауыстыру. Облыс мектептері жаңа оқу жылына дайын. Соның ішінде көп көңіл бөлініп отырғаны – қала мектептері. Күні кеше қала маңындағы Ақжар елді мекенінде 900 орындық жаңа мектеп халық игілігіне тапсырылды. Нәтижесінде осы аудандағы мектептердің үш ауысыммен оқыту мәселесі шешімін тапты. Мәлік Ғабдуллиннің аты берілген жаңа мектепте сапалы білім беру үшін бар жағдай жасалған. Мультимедиялық кабинеттер, кітапхана, спорт залы мен кең асханасы бар.

www.24.kz
29 тамыз 2018 ж. 1 792 0