Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кеншілердің толағай табысы

Кеншілердің толағай табысы



Атом саласындағы өндірістік нысандарда еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өндірістік және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету «РУ-6» ЖШС (бас директор Жандос Садырбаев) үшін аса маңызды басымдылық қызметі болып табылады. «РУ-6» ЖШС тұрақты негізде өндіріс­тегі еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өндірістік және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді ұйымдастыру-техникалық және санитар­лық-гигиеналық іс-шаралары әзірленеді.Кешенді іс-шараның басты мақсаты –қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау, олардың десаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқатты және өндірісте зақымдануды болдырмау қажеттілігі. Атқарылып жатқан жұмыстар кәсіпорын­дардағы қауіпсіздікті жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Кен орнында еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өндірістік және радиация­лық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жетілдіру жұмыстары тұрақты әрі нысаналы жүргізіліп келеді. 2017 жылдың қорытындысында мекеме «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының арасында еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өндірістік және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелер бойынша жыл сайынғы өтетін сайыста 2-орын алғанын атап өткеніміз жөн. Осы марапатты мекеме басшысы Ж.Садырбаевқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры Марат Ниетбаев Астана қаласында салтанатты жағдайда табыстады. Біздің кеншілердің бұл толағай табысы, кәсіпорынның биылғы жылғы мамыр айында аталып өтілетін 35 жылдық мерейтойына тамаша тарту болып отыр.

Мақсұт Ибрашев.
16 сәуір 2018 ж. 1 971 0