Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

Зымырап өтіп жатқан мына заманда қол қусырып қарап отыруға болмайды. Қолдан келгенше тірнектеп тиын таппасаң, бүгінгідей нарықтық дәуірде тіршілік ету қиын. Дұрысы – өз кәсібіңді бастап, қарекет қылу.
Иә, елімізде кәсіп бастаймын деген жандарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Сондықтан да болар ел ішінде өз кәсібін бастап, халықтың игілігі үшін жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің саны күн санап артып келеді. Бұл – елдің өркендеп дамуы үшін өте маңызды. Ал кәсіпкерлердің жыл бойы атқарған істері мен тынымды тірліктерін елеп-ескеру, марапаттау аудан халқы үшін үлкен мәртебе. Міне, осы мақсатта жуырда аудан басшысы өлкедегі кәсіпкерлерді қабылдап, 2022 жылдың қорытындысымен бірқатар кәсіп иелерін алғыс хаттармен марапаттады.
Аталған жиынға аудан кәсіпкерлері мен мәслихат депутаттары, сондай-ақ бірқатар сала мамандары қатысты. Бұдан бөлек жиында Қызылорда облыстық «Атамекен» палатасы өңірлік кеңес мүшесі, «Шиелі аудандық іскер әйелдер» қауымдастығының төрайымы Айткүл Әбдіқадырова өз тарапынан жыл көлемінде атқарылған жұмыстарын баян­дап, есеп берді. Сондай-ақ ­аудан әкімі кәсіпкерлік саласының Шиелі ­ауданында жылдан-жылға өркендеп келе жатқандығын тілге тиек етіп, қазіргі таңда 6200-ден астам кәсіпкерлік субъектісі тұрақты жұмыс істеп тұрғанын айтты. Дегенмен арқаны кеңге салмай мемлекет тарапынан ұсынылып отырған көптеген грант қаражаттары мен несиелерді тиімді пайдаланып, кәсіпкерлік саласын одан әрі дамытуға ұмтылу керектігін ашып айтты.
Жиын соңында аудан әкімі облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықовтың және өзінің атынан кәсіпкерлік саласында елеулі еңбек етіп, ауданның дамып, өркендеуіне үлес қосып, дамудың даңғыл жолына шыққан бірқатар кәсіпкерлерді марапаттап, алғыс хат табыс етті.

С.СҰЛТАН
16 қаңтар 2023 ж. 171 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031