Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңдайалды кәсіпкерлер марапатталды

Маңдайалды кәсіпкерлер марапатталды

Көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан уақытта өзгенің қолындағыға қызығып, кедейліктің қамытын киіп, қол қусырып отыруға болмайды. Жақсы өмір сүру – қолдағы дипломға немесе әке-шешеден қалған байлыққа байланысты емес екенін уақыт әлдеқашан дәлелдеген. Қолы қимылдаған ғана қыр асатыны белгілі. Оның үстіне бүгінгідей нарық заманында тәуекелге бел байлап, кәсіп бастаған жандардың байлығы асып, өзі әлемге мәшһүр болып жатқанын естіп те, көріп те жүрміз. Иә, «әрекет түбі – берекет» демекші мұндай жетістікке тынымсыз еңбекпен айналысқан адам ғана жетеді.
Бүгінде елімізде кәсіп бастаймын деген жанға қолдау жан-жақты көрсетілуде. Өйткені кәсіпкерлік ел экономикасының бойына қан жүгіртетін ең қажетті саланың біріне айналды. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табыс­ты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту керек. Үкіметке шикізаттық емес орта кәсіпорындарға арналған экспорттық акселерация бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Бұл идеядан нәтижеге дейін мақсатты түрде қолдау көрсету үшін қажет» деп нақты тапсырма берген болатын. Осының негізінде еліміздің түкпір-түкпірінде кәсіпкерлік қарқынды дамуда. Оның ішінде Шиелі ауданында да кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді.
Биылғы жылы ауданның өнеркәсіп орындары арқылы 33,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 111 процентке артқан. Бүгінгі күні ауданда 5180 субьекті шағын және орта кәсіпкер ретінде тіркелген. Жеке кәсіпкерлер – 2782 болса, шаруа қожалықтар – 1846, заңды тұлғалар – 552. Сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан бойынша 103 жобаға 489,2 млн теңге несие қаражаттары алынған. Биыл жұқпалы індет тарап, ауданда блок-посттар қойылғаны белгілі. Халықтың хал-ахуалы сынға түскен шақта кәсіпкерлер де өз қолдауын аямады. Оның ішінде «Ру-6» ЖШС және «Гежуба-Шиелі цемент» ЖШС, «ТТК Шиелі» ЖШС вирусқа қарсы дезинфекция жұмысы кезінде автокөлікпен қамтамасыз етіп, жәрдем берді. Ауданда қайырымдылық акция­­сы ұйымдастырылып, кәсіпкерлердің демеушілігімен тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылып, төрт отбасыға тұрғын үйдің кілті табысталды. «Гежуба-Шиелі цемент» ЖШС қолдауымен қашықтан оқып жатқан оқушыларға 150 планшет табысталды. Міне, осылайша кәсібінен нәсібін тауып отырған бейнеткеш жандар ел экономикасын ілгері жылжытып қана қоймай, қолдан келгенше мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, демеушілік танытуда.
Осы орайда ауданның кәсіпкерлік бағытын дамытуда сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпкерлердің қатысуымен өткен дүйсенбіде жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі Қ.Мүбараков кәсіпкерлерді тәуелсіздік күнімен құттықтап, ел үшін атқарып жатқан игі істеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар ауданның маңдайалды кәсіпкерлерін марапаттады. Тарқатып айтар болсақ, аудан әкімінің «Құрмет грамотасын» Д.Искаков, М.Салқынбаев, У.Чжэньхуа, Ә.Шорабаев, Ә.Абдуллаев, Қ.Қасымов, Е.Жеңсікбаев, С.Ербулатов иеленді. Өзге де кәсіпкерлер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Шара соңында марапат биігінен көрінген жандар жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.

Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА
21 желтоқсан 2020 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930