Кәсіп ашуға не кедергі?
Қазіргі таңда жеке кәсібін ашып, өзін ғана емес, өзгелер
ді де жұмыспен қамтып, еркін режимде жұмыс істеу трендке айналғаны рас. Сол себепті көптеген адам өзінің жеке бизнесін қалыптастырып, ебін тауып, еңбек етуде. Алайда, бәзбіреулердің барлық талапқа сай жеке кәсібін аша тұра, оны әрмен қарай дөңгелете алмауының сыры неде? Жалпы жеке кәсіп ашу үшін не істеу керек? Қаржысыз бизнес бастауға бола ма? Нарық заманында кәсіп игеру қаншалықты қиын? Кәсіпкерлік бөлімі сізге бұл тұрғыда қалай көмектесе алады? Міне, біз осы сұрақтардың жауабын іздеп, аудандық кәсіпкерлік бөліміне хабарласып көрдік.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің берген мәліметі бойынша, Шиеліде бас-аяғы 4895 жеке кәсіпкер тіркелген. Ал олардың қазіргі таңда жұмыс істеп тұрғаны – 4488. Яғни 407 кәсіпкер өз жұмысын белгілі бір себептермен тоқтатып отыр екен. Бұл жөнінде аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Азамат Ерназаров:
– Адамдар түрлі себеппен кәсібін тоқтатып жатады. Мысалы, басқа өңірге қоныс аудару, кәсібін айналдыра алмау, тұрақты жұмысқа орналасу, жалқаулық, т.с.с себептермен уақытша, яғни 6 айға немесе 1 жылға кәсібін кідіртеді. Оны уақыт өткен соң жалғастыруы да, жалғастырмауы да ықтимал. Егер әрмен қарай айналысамын деген ниеті болса, біз жол көрсетеміз. Қалай несие алуға болады, қандай құжаттар қажет түсіндіреміз. Кәсіп бастайтын жандарға да тура солай, – дейді.
Осы орайда кәсібі кенже қалып, ісі өрге жүзбеген жандармен тілдеспек болып едік, оның мүмкіндігі тумады. Өйткені, кейбіреулері аяқсыз қалған кәсібі туралы жақ ашқысы келмеді. Ал әлдекімдердің ұялы телефоны байланыс аясынан тыс жерде. Содан не керек, кәсіпкерлікті әрмен қарай дамытудың өзге тетіктерін іздей бастадық. Олай болса, бизнес бастап, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген жандарға және кәсіп бастауға ниеттілерге арнап бірнеше кеңестерді ұсынғымыз келеді.
Алдымен кәсіп ашуға ниетіңіз, сосын ерік-жігеріңіз мықты болса, барлық қорқынышыңыз сейіледі. Өйткені, кәсіп ашып, оны әрмен қарай алып кету оңай шаруа емес. Сонымен қатар қандай да бір іске бейім болсаңыз тіпті жақсы. Алға мақсат қоюдан қорықпаңыз. Ізденіңіз, білім алыңыз. Әрине, бұл бизнес саласында жүрген мамандардың сізге берер кеңесі.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шиелі ауданында қадамы қарышты дамып жатқан кәсіптің сан алуан түрі бар. Заманның ағымына қарай әр адам қолынан келген мүмкіндікті пайдаланып қалуда. Содан болса керек, Шиелі өзге аудандармен салыстырғанда кәсіпкерлер саны мен экономикалық қызмет түрлерінен көш бастап тұр. Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманының айтуы бойынша, ауданда сауда-саттық, қызмет көрсету саласы мен мал шаруашылығы жақсы дамыған. Ал ет өңдеу саласы және жеміс, көкөністерді өндіру саласы артта екен.
Фариза КЕНЖЕШОВА