ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАРЫ ЕСКЕРІЛДІ
Сәуір айында бизнесті бастау және қолдау мақсатында Қызылорда облыстық «Атамекен» Палатасы Өңірлік кеңес мүшелерінің бастамасымен кәсіпкерлермен кездесу өткізілген болатын. Оған 22 ауылдық округтен кәсіпкерлер қатысып, шеберліктерін шыңдады.
Жергілікті кәсіпкерліктің тыныс-тіршілігімен танысу, жүйелі проблемаларын анықтау мақсатында өткізілген жиынды Қызылорда облыстық «Атамекен» Палатасы Өңірлік кеңес мүшесі Айткүл Әбдіқадырова мен Шиелі аудандық Кәсіпкерлік Палатасының директоры Марлен Нұртазаев ұйымдастырған. Осы кездесулерде кәсіптегі тәжірибелерімен бөлісіп және кәсіби тұрғыдан бағыт-бағдар беріп атсалысқан бір топ азаматтар бейсенбі күні облыстық «Атамекен» Палатасы директоры Ғалымбек Жақсылықовтың және аудандық Палата директоры М.Нұртазаевтың «Алғыс» хаттарымен марапатталды. Марапатталған кәсіпкерлер қатарында аудандық мәслихат депутаттары Дәулет Жұмбеков, Ербол Жеңсікбаев, Нұрболат Пірімбет, белді кәсіпкер Мәден Әлжановтар бар.
Рамазан Әнәпия