Аналар алқа таққан күн
Дүйсенбі күні аудан әкімі Н.Ахатов көпбалалы аналарды марапаттады. Бір қолымен әлемді тербеткен асыл аналарды төрге шығарып, халық санының артуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
«Әйел-Ана – ұлтымыздың бойындағы бар жақсы қасиеттерді тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, дарытушы. Үйде ана, түзде батырлыққа тәрбиеленіп, жаугершілікте ерлермен бірге атқа қонып, бейбіт кезде бесік тербетіп, ұл-қызын даналығына баулыған ежелгі жырлардағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, бергі дәуірдегі Домалақ ана мен Айша бибіні айтпай кету мүмкін емес. Таңбалы тарихтағы Қасымханның анасы Жақан бике, Есім ханның анасы Жақсы бике, одан бері де ұлы Абайды тәрбиелеген Зере мен Ұлжан, қол бастаған Тұмар мен Бопай, ел билеген Айғаным, есімі аңызға айналған Қабанбай батырдың жары Гауһар, өз жұртындағы бірліктің ұйытқысы бола білген Ұлпан ана, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлігімен әлемге танылған Шығыстың қос шынары, Кеңес Одағының Батырлары Әлия мен Мәншүк сынды әйел бейнелері халық жадында. Сол секілді бейбіт күннің батырына баланған көпбалалы аналар да марапатқа лайық», – деген аудан әкімі Н.Ахатов аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларымен марапаттады.

Салтанатты шарада 2 анаға «Алтын алқа», 10 анаға «Күміс алқа» тағылды. Айта кетейік бүгінгі таңда аудан бойынша 957 «Алтын алқа», 1538 «Күміс алқа» иесі бар. Ауданның демографиясын арттыруға үлес қосқан аналар да өз кезегінде аудан басшысына алғысын білдірді. Шара соңында аудан өнерпаздары аналардың құметіне әннен шашу шашты.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ