Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ

ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Халқымыздың орасан зор тарихына үңілсек, қиындықтар мен қиянаттардан көз ашпағанын көреміз. Арғы жағын айтпағанда, кешегі Желтоқсан оқиғасында қазақтың қайсар ұл-қыздары қисапсыз қиянат көріп, ел үшін еңіреп еді. Алды Құрбан болып, соңы тентіреп, елім, жерім деген азаматтардың арқасында Азаттықтың арайлы ақ таңы атқан еді.
Осыған орай желтоқсанның 10-ы күні Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында Қызылорда облысының “Жастар Одақтары” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың рухына арналған митинг өтті
Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес дамуы жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі. Тәуелсіздік пен Желтоқсан – егіз ұғым. Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы. 1986 жылы желтоқсанның 17-18-і күндері Алматыда, кеңестік Қазақстанның басшылығына Мәскеудің шешімімен Геннадий Колбиннің тағайындалуына наразы болған студенттер мен жұмысшы жастардың шеруі болды. Жастардың наразылығы күшпен басып-жаншылды, ел бойынша шеруге қатысқандар мен өзге де сенімсіз азаматтарға қарсы жазалау науқаны өтті. Басым бөлігі жастардан тұрған 99 адам түрмеге жабылды. Желтоқсан оқиғасының ең танымал қатысушыларының бірі – Қайрат Рысқұлбеков өзіне кесілген ату жазасы 25 жылға бас бостандығынан айыруға алмастырылған соң, түрмеде жұмбақ жағдайда қаза тапты.
Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың рухына арналған гүл қою рәсімі өткізіліп, құрбан болған азаматтарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Ел болашағы үшін шейіт болған боздақтардың рухына тағзым ете отырып, құран бағышталды.
10 желтоқсан 2022 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930