Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниені дүбірлеткен Желтоқсан

Дүниені дүбірлеткен Желтоқсан

№127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейі кітапханашыларының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 11 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай «Дүниені дүбірлеткен – Желтоқсан» атты тағзым кеші өтті.

Алтайдан Алатауға дейін ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Еліміздің егемендік алуы, мемлекеттің тәуелсіздігі халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты.
Шара барысында оқушылар желтоқсан оқиғасына байланысты көрініс көрсетіп, өлеңдер оқып, патриоттық әндерді нақышына келтіріп айтты. Тағзым кешіне Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Г.Махан, Шиелі ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Г.Садуақасова, желтоқсан оқиғасының куәгері №50 Абай атындағы орта мектеп кітапханашысы Ш.Қилыбаева қатысып, оқушыларға желтоқсан оқиғасына ­байланысты тың деректермен бөлісті. Алаңға шыққан жастардың ­бастарынан кешкен оқиғалары, көрген қиындықтары жайлы айтып, егемен елдің тәуелсіздігі оңай келмегенін түсіндірді. Жас ұрпақты елін жерін сүюге, өз елінің ­патриоты болуға шақырды.
Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне патриоттық сезімдерін шығармашылықтарымен таныта білген 5-6 сынып оқушылары және қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Өтебева марапатталды.

«Өскен өңір» ақпарат
19 желтоқсан 2019 ж. 1 018 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930