КӨШЕГЕ ЖОЛ САЛЫНСА...

Міне, Қарғалы да сондай шоқтығы биік, түтіні түзу шыққан ауылдардың бірі. Елді мекен тұрғындары аяқ су жеткізетін «Қорасан 1» мекемесі Күркіреуік каналының ескі арнасын бітеу керек екендігін айтқан еді. Қазіргі таңда 1450 метрге қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Азық-түлік бағасының, әсіресе ұн бағасы қалтаға қонымсыз екендігін тұрғындар тілге тиек етті. Аудан басшысы бұл мәселе бойынша қайта қарау жұмыстарын жүргізіп, ауылға жәрмеңке жасап, төменгі бағада азық-түлік өнімдерін жіберетінін жеткізді» деп жазған болатынбыз басылымның №67 санында. Соған сәйкес ауылды әлеуметтік азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында жеңілдетілген бағамен 20 қап ұн ауыл халқына ұсынылды. Алдағы уақытта өзге де азық-түлік өнімдерін жеткізу бағытында кәсіпкерлермен келіссөз жүргізілуде. Сонымен қатар 2023 жылы жаңа амбулатория бой көтермек. Ал қарғалылықтардың 6 көшеге жол салынса деген арман-тілегі бар.