Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихы терең туған жер

Тарихы терең туған жер

Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темір қазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндігі мен қаны, маңдай тері тамған киелі мекенінің бірі – Жөлек ауылы.
Жөлек ауылының тарихы сонау 1815-1820 жылдардан бастау алады. Сырдария өзенін бойлай жатқан қыпшақ ауылының атауы алғашында «Жолиек», одан «Джулиек» аталып, кейін «Жөлек» болды. Ұлы Жібек жолының бойындағы үлкен базардың бірі – «Хан базары» осы Жөлекте орналасқан. Яғни Жөлек ауылы Қытай мен Орталық Азия елдеріне танымал, даңқты ірі керуендер өткен сауда жолы болған.
1919 жылы «Жөлек» ауыл шаруашылық коммунасы құрылып, Жөлек мекені поселке деп аталды. Осы тұста Жөлек ауыл шаруашылығын аудандағы ең ірі шаруашылыққа айналдыру жоспарланған болатын. Бұл жауапкершілікті А.Трапезников деген іскер басшыға тапсырады. А.Трапезников өз ісінің шебері, табандылығының арқасында сол кездегі жоғары оқу орнын бітірген бірнеше сала мамандарын Жөлек ауылына шоғырландырады. Сөйтіп осы А.Трапезников басқарған кездері ауыл ішінде көшелер салынып, тұрғын үйлер көбейіп, электр станциясы қосылып, мәдениет үйі тұрғызылып, халыққа қызмет көрсеткен үлкен моншаның да құрылысы басталып, едәуір көркейген болатын. Одан бері қарай да басшылықты қолға алған аға-апаларымыз ауылымызды жан-жақты дамытып, көркейтуге зор үлесін қосты. Ауылдан шыққан атақты азаматтар мен азаматшалар Жөлек ауылының одан әрі танымал болуына атсалысып келеді.
Әр заман өз естелігімен есте қалады. Қасиетті Жөлегімнің тарихын аға-әпкелеріміз әлі де зерттеп, қағаз бетіне түсіруде. Әрине туған жердің тарихын тоқсан ауыз сөзбен жазып жеткізу мүмкін емес. Күндер мен айлар, жылдар жылжып өтіп , қиын қыстау кезеңдердің барлығы артта қалып, бүгінгі күні «Тоғыз жолдың торабында» орналасқан Жөлек ауылына да 200 жыл толады.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік салтанат құрған заманда ауылымыз одан әрі көркейіп, гүлденеді деп сенемін. Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Келешекке үлкен сеніммен көз тастасам, менің ауылым сәулеті асқан, дәулеті тасыған берекелі құт мекенге айналары хақ.

Айзат Қантаева
09 маусым 2020 ж. 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930