ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ЖӨЛЕК
Ал, тарих қойнауының тереңінде жатқан Жөлек қорғаны – ХІХ ғасырдың І жартысында Сырдарияның оң жағасында салынған. Қоқан ханы Омардың тұсында (1809-1822) Сырдарияның төменгі ағысы бойын жаулап алу мақсатында іргесі қаланған. Ресей әскерінің шабуылынан соң, 1856 жылы бейбіт тұрғындар қорғанды тастап кетуге мәжбүр болды. Жөлекті Ресей әскерлері 1861 жылы жаулап алды. Жөлек қорғанының 1866-1871 жылдар аралығында түсірілген фотосы «Түркістан» альбомынан да көрініс тапқан.
Бастауын бағзыдан алатын Жөлектің форты туралы естеліктер де кездеседі. 1883 жылдың наурызында орыстың отарлау армиясының сапында болған петревшіл демократ ақын Алексей Плещеевтің Жөлек форты жайындағы жолжазбалары бар. Онда Сырдың арнасынан тасып, жол қатынасының бұзылуына байланысты Жөлек фортында бірнеше күн болғандағы көрген-білгендері баяндалған. Фортта 80-ге жуық әскер форт коменданты, майор С.М.Галашевскийдің басқаруында болғандығы айтылады. Фортта кірер қақпада зеңбірек орнатылып, екі бағытқа қарай қам кесектен соғылған барақ орналасқан. Оларда гвардия кавалериясынан жолданған фельдшер қызмет жасайтын лазарет, плац-адютант және төменгі шендегі отбасылы әскери қызметшілерге арналған пәтерлер, қару-жарақ, киім-кешек сақтайтын қойма (лейхгауз), шаруашылық қоймалары орналасқан. Ал, форт қақпасына қарсы орналасқан қыстақта жұмбаздан соғылған үйлер болған. Шағын мектеп, кітапхана, дүкендері мен почта және телеграфы бар бұл аймаққа газет-журнал Ташкенттен бір апта бұрын келіп, Ресейден келген жаңалық, хабарларды алғаш Жөлек оқыған делінген. Осы мәліметтердің барлығы отарлаушы армия сапындағы ақынның «Степное гнездо» (Даладағы жұмақ) атты жолжазбасында көрсетілген.
1883 жылдары Жөлекте тек Ресейден келген әртүрлі шендегілердің, 1870 жылғы жаңа ережеге бағынғысы келмеген Орал казактарының жер ауып келген отбасыларының балалары үшін ғана шағын мектеп жұмыс істеген болса, 1890 жылы Шиелі тарихындағы тұңғыш орыс-қазақ мектебі ашылған. Бұл мектепте алғаш кімнің сауат ашқаны туралы мәліметтер жоқ. Алғашқы басшыларының бірі Бабабек Есенов болған деген деректер бар.
Жоғарыда ХІХ ғасыр қойнауында қалған деректердің кейбірін келтірдік. Кеңес үкіметі кезінде облыста ең бірінші болып 1919 жылы ақпан айында «Жөлек» ауыл шаруашылық коммунасы құрылып, құрамына 42 адам мүше болып кірді. Оның ұйымдастыушылары Жөлектің көзі ашық шаруалары Макриян Чернышенко, Егор Чернышенко, Леонид Иванов, Федор Иванов, Андрей Дубинин, Тамаша Қожабеков, Әбу Балғанбетовтар болды. Облыстық архивтің 29-қор, 2-тізімдеме, 78-істің 16-бетінде көрсетілген бұл деректерде коммуна мұқтажына жұмсау үшін өлкелік жер бөлімі 100 мың сом ақша бөліп, егістік үшін 315 десятина жер бекітіп береді. Көлік және тұқыммен қамтамасыз етеді делінген. Аудандық мұрағаттың 1-қор, 2-тізімдеме, 52-істің 11-бетіндегі деректерге сүйенсек, сол жылдың маусымында Перовский уезінде территориялық әкімшілікті қайта құруға байланысты уезді екі участокқа бөлген. Жөлек участогі – Сорқұдық, Қоғалы, Шиелі, Өзкент, Сауран, Ақарық, Сұлутөбе, Жөлек, Телікөл, Жаңақорған, Приречная барлығы 11 болыспен 5 поселкені қамтыды. Тартоғай, Шиелі, Герасимовск, Жөлек, Жаңақорған елді мекендері поселке деп аталды.
Шиелі өңіріне алғаш ауыл шаруашылығы техникаларының келуі де осы Жөлек өңірінен басталады. Тап күресі жағдайында алғаш ұйымдастырылған Жөлек коммунасы жаңа шаруашылықтың бастауы еді. Тарихы талайдан сыр шертетін ауылда алғашқы кірпіш зауыты, наубайхана да болған-ды. Ауданның 90 жылдық торқалы тойында бір мұражайлық мұрағаты бар Жөлектің тарихына да ден қойған абзал.
Бақытжан МӘДЕН.