ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚҚА БЕТ БҰРҒАН ӨЛКЕ
Қазіргі таңда Шиелі индустриалды-аграрлы өңірге айналып келеді. Ауданның экономикасына үлес қосып жатқан ірі кәсіпорын басшылары аз емес. Солардың бірі, үстіміздегі жылы аудандық мәслихат депутаты Д.Жұмбеков Ақмая ауылынан құны 70 млн. теңге тұратын, Алғабас ауылының азаматы Ж.Машрапин 120 млн. теңгеге спорт кешендерін салып берсе, Бестам ауылында да осындай жоба жасалуда. Сондай-ақ, Жөлек елдімекенінде бірнеше ерікті азамат ауылына пайдалы іс жасамақ ниетпен өз қаржыларына спорт клубының құрылысын бастап кеткен. Жалпы, аудан басшысының айтуынша биылғы жылдың өзінде қайырымдылық жобаларына 200 млн. теңгеден аса қаржы жұмсалған. Мұндай игі жобалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Өз кезегінде сөз алған кәсіпкер Б.Қауасұлы:
- Баршаңызды алда келе жатқан тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Біздің осылай елге келіп, есеп беріп, сіздермен жүздесіп жатқанымыздың бірден-бір себебі – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы болып отыр. Әсіресе, онда көрсетілген «Туған жерге тағзым» бағдарламасы көптің көңілінен шықты. Кіндік қаны тамған жерінде игі іс жасау әр перзенттің міндеті. Ауданның дамуына өз үлесімді қосуға қашанда дайынмын, – деді.