Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі-90. Туған өлке тарихы

Шиелі-90. Туған өлке тарихы


1919 жылы 25 маусымда Перовский уезінде территориялық әкімшілікті қайта құруға байланысты уезд екі участокке бөлінді. Жөлек участогі Сарқұдық, Қоғалы, Шиелі, Өзгент, Сауран, Ақарық, Сұлутөбе, Жөлек, Телікөл, Жаңақорған, Приречнае. Барлығы 11 облыс пен 5 поселкені қамтиды. Тартоғай, Шиелі, Геросимовск, Жөлек, Жаңақорған елді мекендері поселке деп аталады.

Осы 1919 жылдың 19 қарашасында Перовский уезі Совдепі атқару комитетінің №295 бұйрығына байланысты Перовск қаласындағы уезд совдептерінің кезекті VI съезі шақырылды. Шиелі регионы Орта Азия әскери ведомствосының жем шөп базасы ретінде жоңышқа дайындаумен айналысты.
Ауданда колхоздастыру жұмысы 1925 жылы басталып, алғашқы үш колхоз құрылды. Ол 1928 жылы көктемде 5-ке, келер жылдың ақпанында 13-ке жетті. Бір өкініштісі, 1925 жылы құрылған ең алғашқы колхоздың аты архивте аталмаған.
1926 жылы есеп бойынша аудандағы 5420 қожалықтың 85 пайызы яғни, 4660-ы қазақ қожалығы болған. Оның 946-ы отырықшы, 92-сі көшпенділер.
1929 жылы мал басы 471-ге жетті. Егіс көлемі бидай – 1700 гектар, арпа – 380, жоңышқа – 150, күріш – 1200, тары – 1936, жүгері – 282, мақта – 258, күнжіт – 15, кенеп – 100, бақша – 1000, басқалары – 20 гектар болды.
1930 жылы 23 июльде Шиелі Жаңақорған ауданында қосылды.
20 ақпан 2018 ж. 3 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930