Мереке қарсаңында аялдама тарту етті

Ы.Жақаев ауылындағы №149 Ә.Монтаев атындағы мектептің он жылдық түлектері де жоғарыда айтылғандарды өз ұстанымдарына айналдырған. Олар ауыл жастарының ауызбіршілігін арттыру мақсатында кіші футболдан турнир өткізіп, ауыл тұрғындарына ас беруді, сондай-ақ мектеп пен мешіт үйіне естелік сыйлық тапсыруды дәстүрге айналдырған. Ал биыл мектеп табалдырығын аттағанына 10 жыл болған 1993 жылы дүниеге келген азаматтар жылдағы дәстүрге өзіндік ерекшелігін енгізді. Олар жыл басында ұлттық көкпар ойынынан аудандық турнир өткізсе, енді міне, ауылдың қақ ортасына халыққа қажетті аялдама орнатты.
Хадис шәрифте «Адамдардың жақсысы – адамдарға пайдалы болғаны» дейді. Қасиетті Арапа күні аялдаманың іргетасын қалап, Құрбан айт мерекесінде ауыл тұрғындарына тарту еткен ауыл жастарының ізгі бастамасы алдағы уақытта жалғасын табатыны анық.
Айта кеткеніміз жөн, бұдан бұрын ауылға аялдама салу бастамасын Мейірбек Алтынбекұлы қолға алып, әкесінің есімімен аялдама орнатқан болатын.
Ерұлан ДАТКЕНОВ