Қызылордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Сонымен қатар, басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарық бағасынан төмен бағада сатылуда. Облыс бойынша барлық аудандарда тұрақтандыру қорының өнімдерін автокөлік үстінен сату жұмыстары ұйымдастырылып, жыл басынан бері азық-түлік бағасы бақылауда.«Қазіргі уақытта мұнай бағасының өзгеруіне, валюта бағамының тұрақсыздығына және коронавирус індетінің таралуына байланысты азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қажетті қор жинау мақсатында бюджеттен қаржы қарастырылды.Сондай-ақ, қосымша 3,5 мың тонна өнімді сатып алу шаралары жүргізілуде»,-деді Сейілбек Серғазыұлы.
Баспасөз-конференциясында сала мамандары 2000 тонна құрайтын заманауи көкөніс сақтау қоймасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетінін тілге тиек етті. Мұнан өзге, азық-түлік тауарларын өндіру тоқтатылмайды, ұзақ мерзімге жеткілікті тұрақты қоры бар екендігін айтты.