Мал азығы әзір ме?
Шиелілік шаруалар қылышын сүйреткен қыста қысылып қалмауды ойлайды. Себебі мал азығы – ертеңгі ел азығы. Қыстың қамын ерте ойлайтын ауылдағы ағайынның шөп қылтия шабындық іздейтін әдеті. Олай етпеске шарасы жоқ. Өткен жылы су тапшылығы сезіліп, шаруалармен қатар қарапайым тұрғындар да шөп таппай қиналғаны есімізде. Биыл ертерек қамданған шиеліліктер мал азығына мейілінше маңыз берді.
Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылық өндірісінің маңызды саласының бірі. Ежелден бастау алып, атадан балаға жалғасып келе жатқан кәсіп қазаққа таңсық дүние емес. Төрт түліктің бабын тауып, қақаған қыстан аман өткізу үшін осы бастан жем-шөпті жетерліктей дайындау керектігін де біледі. Кәсібінің шырайын енгізген адал малының амандығын тілеген шаруалар мал азығының мол қорын жинап алды. Жалпы аудан бойынша қысқа түсетін төрт түлікке мал азығының қорын жасақтау мақсатында 149,7 мың тонна жем-шөп дайындалды.

Жоңышқа шөбін ору жұмыстары аяқталып, орташа өнім 30-35 ц/га құрап отыр. Аудан бойынша барлығы 149,7 мың тонна шөп жиналды. Оның ішінде 62 мың 300 тонна жоңышқа, 87 мың 400 тонна табиғи шөп, 34 мың 500 тонна сабан, 34 мың 100 тонна жем дайындалған. Сонымен қатар күздік бидайдан – 1814 тонна, жаздық бидайдан – 410 тонна өнім жиналды. Биыл шөптің шүйгін болуы шаруаларды қуантып отыр. Бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мәселен, пресс шөптің бір данасы – 450-500 теңгеден саудаланса, рулон шөп – 5000-6000 теңгеге тұрақтап тұр.
– Биыл мал азығы қорынан тапшылық болмайды деп күтілуде. Дала еңбеккерлерінің жем-шөп дайындау жолындағы қарқынды тірліктері соның нақты айғағындай. Шөп ору науқаны мамыр айының алғашқы онкүндігінде-ақ басталып, күні кеше толық аяқталды. Бір сөзбен айтқанда, ашық күнгі қолайлы шақты тиімді пайдаланып отырған аудан шаруаларының ісі өнімді, – дейді ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы.
Қорытындылай келе, қолымыздағы деректерге сәйкес, биыл ауданда қысқы мал азығынан тапшылық болмайды деп топшыладық. Демек, мал күйлі, шаруаның ісі оңды боларына сенім мол.
Ш.Тілеубаев