ҚҰҚЫҚ БҰЗуШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ
Жол апаты құлаққа үйреншікті болып кеткендей. Жиілеп кеткені соншалық, адам өлімін ауыр қабылдамайтын болыппыз. «Жүргізушілер қатты жүреді яки жол ережесін жөнді білмейді» дейміз де қоямыз. Алаңдататыны сол, өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы жылдан жылға артып келе жатыр.Жол сақшылары көлік тізгіндегендерді тәртіпке шақырғанымен, нәтижесі аз сияқты. Ескертуге құлақ аспағандар есіріп, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, бүтін бір отбасы қаза болған оқиғалар да тіркелді.
Сәрсенбі күні Арман мәдениет үйінде қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиын өтті. Оған аудан әкімі Нұржан Ахатов және облыстық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев, аудан прокуроры Нұрбек Қаратаев, сот төрағасы Нұржан Бекетаев, мәслихат хатшысы Тұрмағамбет Жағыпбаров, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен сала ардагерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүзеге асып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Беркімбаев мәлімдеме жасады. Шиелі аудандық полиция бөлімінің 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, аудан көлеміндегі мәселелер талқыланды. Өз кезегінде ұсыныстар да айтылды.
Жиын соңында облыстық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Аманқұлұлы аудан әкімі Нұржан Ахатовқа және аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағамбет Жағыпбаров пен қоғамдық кеңес төрағасы Қабілеш Бекішовке «Қазақстан полициясына – 30 жыл» төсбелгісін кеуделеріне тақты.
Сұлушаш МАДИЯРОВА