Қоғамдық кеңес мүшелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы таныстырылды
17 тамыз 2022 жылы Қазақстан Респубоикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен (әрі қарай – Департамент) облыстық Қоғамдық кеңес жанынан құрылған «Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі комиссия» мүшелерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Жиынға Департамент басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы және облыстық Қоғамдық кеңес жанынан құрылған «Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі» комиссия мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әрбір облыс және республикалық маңызы бар қалалар үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленгені жеткізіліп, өңірдің картасы комиссия мүшелеріне таныстырылды.
Департамент басшысынының бірінші орынбасары Б.М.Ниязов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы өңірде әлеуметтік-маңызды проблемалар негізінде әзірленгенін, сондай-ақ облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына халықтың әл-ауқатын жақсартуда келесі мәселелері енгізілгендігін, яғни «Жер», «Ауыл шаруашылығы», «Жолдар мен инфрақұрылым» және квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық мәселелері көрінісін тапқанын түсіндірді.
Аталған процестердің ашық болмауы, әкімшілік кедергілердің болуы, заңнаманың жетілдірілмеуіне байланысты шешімін таппайтын көкейтесті және т.б. мәселелерінен туындайтыны жеткізілді.
Қатысушылармен талқылау барысында пікірлер айтылып, мемлекеттік бюджет қаржысына салынып жатқан нысандарға қоғамдық бақылауды күшейту ұсынылды.
Кездесу қорытындысымен бұл бағытта әрі қарай жұмыстарды жалғастырып, мерзімде түрде тәуекелдер картасын талқылау белгіленді.