Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізу басқармалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын қалыптастыруға маңыздылығы және жүргізілген ішкі талдаулар бойынша анықталған кемшіліктер талқыланып, оларды болдырмауға әдістемелік көмек көрсету.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралдарын пайдалану мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне өзекті болып табылатынын ерекше атап өтті.
Кездесу барысында превенция басқармасы басшысының орынбасары М.Баяхметпен қатысушыларға тиісті слайдттарды көрсету арқылы жіберілген кемшіліктер түсіндірілді.
Жиынға қатысушылармен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізу барысында туындайтын мәселелер мен негізгі басымдықтар талқыланып, тәжірибемен бөлісу жұмыстары жүргізілді.