Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамыздың міндетіміз

Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамыздың міндетіміз

Қызылорда қаласының «Достық» үйінде ағымдағы жылғы маусым айының 15 жұлдызында облыстық Қоғамдық кеңес жанынан құрылған  «Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі комиссия» мүшелерімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен комиссия отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, «Әділдік жолы» РҚБ-нің Қызылорда облысы бойынша филиал басшысы «Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі комиссия» төрағасы Л.Бақтыбаева, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құрметті ардагері Ә.Шаймағанбетов, «Қазпошта» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиал директоры А.Әбибуллаева, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы, маслихат депутаты С.Бихожа, сондай-ақ «Қазақстан» ұлттық арнасының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Ә.Жақанов қатысты.  
Өз кезегінде Бақытжан Мақсұтұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен азаматтық сектордың сындарлы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ Б.Ниязов өз сөзінде «Біздің бірлескен ынтымақтастығымыз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың деңгейінің төмендетуге көмектеседі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оң нәтиже береді деп үміттенеміз. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде, мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізуде, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен өткізуде бірлескен күш салу қажет екенін» атап өтті.
Жиында Мемлекет басшысымен ағымдағы жылдың 2-ші ақпанындағы №802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру  тәсілдерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесі аталып өтті.
Сонымен қатар мемлекеттік органдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын арттыру және формализмді болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспары талқыланды.
https://www.gov.kz​​​
27 маусым 2022 ж. 426 0