«Antikor Ortalygy» сервистік орталығында кездесу өткізілді
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлықа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов және превенция басқармасы басшысының орынбасары (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссары) М.Баяхметтің қатысумен облыстық әкімдікке қарасты бірқатар басқармалар басшылары және жауапты мамандарымен жергілікті атқарушы органда жүзеге асырылып жатқан №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының (әрі қарай - №4 ҮББ) төңірегінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларындаанықталған кемшіліктер мәселелеріне қатысты «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізу басқармалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын қалыптастыруға маңыздылығы және жүргізілген ішкі талдаулар бойынша анықталған кемшіліктер талқыланып, оларды болдырмауға әдістемелік көмек көрсету.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралдарын пайдалану мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне өзекті болып табылатынын ерекше атап өтті.
Кездесу барысында превенция басқармасы басшысының орынбасары М.Баяхметпенқатысушыларға тиісті слайдттарды көрсету арқылы жіберілген кемшіліктер түсіндірілді.
Жиынға қатысушыларменсыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізу барысында туындайтын мәселелер мен негізгі басымдықтарталқыланып, тәжірибемен бөлісу жұмыстары жүргізілді.