Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер Түркістанның төрінде

Ардагерлер Түркістанның төрінде

Жуырда аудан әкімінің ұйымдастыруымен «Жергілікті деңгейде ардагерлер кеңестерін дамыту және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында қоғамдық-саяси маңызды шараларды ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында 16 ардагер көне шаһардың бүгінгі келбетін көріп қайтты.
Аудан әкімінің орынбасары Айтбай Жандарбеков ардагерлерді шығарып салу рәсіміне қатысып, оң сапар тіледі. Сапар барысында ардагерлер «Арыстан баб», «Қожа Ахмет Яссауи» кесенелеріне тәу етіп, «Ұлы Дала елі» орталығы мен «Керуен сарай» кешенін аралады.
Ардагерлер рухани астананың жаңарып, түрлі зәулім ғимараттардың бой көтеріп, өзгергенін және ерекше әсерге бөленгендерін жеткізіп, түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырушыларға алғаусыз алғыстарын жеткізді.
– Рухани азық алған керемет сапар болды. Сайын даладағы көне жəдігерлерді аралап, асыл топырағына зиярат еттік. Тарихы терең, тағылымы мол құндылықтарымызды көзбен көріп, қолмен сипап ішімізден тəубе дестік. Бойымызға қуат алдық, елімізге қорған болған, жеріміз үшін құрбан болған ата-бабаларымыздан қалған жəдігерлерді көріп рухани тұрғыда толыстық. Қарттарды, мына біздерді асыл қазынам деп бағалап, ерекше сый құрметін аямаған азаматтарға алғысымды жеткізгім келеді. Ел үшін еткен еңбектерің елеулі болсын. Əрдайым халықтың алғысын алып, құрметіне бөлене беріңдер, – деді ардагер Бектөре Жүсіп.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген тәмсілді ұстанып, ардагерлерін ардақтай білген елдің ғана рухы үстем болатыны сөзсіз. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тау­ып, өміршең болатынына сенім мол.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
16 тамыз 2022 ж. 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930