Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЕРЕКШЕ» БАЛАЛАР ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫНА САПАР ШЕКТІ

«ЕРЕКШЕ» БАЛАЛАР ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫНА САПАР ШЕКТІ

Сенбі күні 1 маусым – Халықаралық балалар күніне және «Балалар жылына» орай, ерекше жағдайдағы балалар ата-аналарымен бірге саяхатқа шықты. Бағыт – еліміздегі ­тарихи маңызы бар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет ­Ясауи кесенесі.
Аталған шара тікелей аудан әкімдігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылып, «РУ-6» ЖШС, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС филиалы, «Kapital construruction» ЖШС секілді компаниялар мен жеке кәсіпкерлердің де қолдауына ие болды. Дәлірек айтсақ, мекемелер тарапынан 45 орындық 3 автобус ұйымдастырылып, ал балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен кәсіби дәрігер мамандар балалармен бірге сапарға аттанды. Ал балаларды түркі әлемінің рухани астанасына аттандыру үшін аудан әкімінің орынбасары Айтбай Жандарбеков арнайы келіп, балалар мен ата-аналарға жақсы көңіл-күй мен сәт-сапар тіледі. Сондай-ақ сапар барысында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері балаларды азық-түлік, сусындармен қамтамасыз етіп, қызықты әңгімелерін айта отыруды да ұмытпады.
Ал киелі Түркістан жерінде балалар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, тіпті жаңа Түркістанның символына айналған «Керуен сарай»туристік кешенімен танысты. Осылайша түркі әлемінің рухани астанасына жасаған бір күндік сапардан балалар ерекше әсер алып, өмірге деген ынта-жігерлері артты. Бастысы есейгенде «бақытты балалық шақ» деген сәтте естеріне алатын оқиғалар қатары керемет бір сапармен толықты.

Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
30 мамыр 2022 ж. 927 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930