Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейірім шырағы сөнбесін

Мейірім шырағы сөнбесін



70 жылға жуық тарихы бар 1 маусым – балаларды қорғау күні әлемдік мерекесі ауданымызда жыл сайын өз дәрежесінде аталып өтуде. Аудан әкімінің қолдауымен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімі үйден әлеуметтік қызмет көрсетілетін балаларды киелі Арыстан баб кесенесіне саяхатқа апарды. Рухани-танымдық дүниелерге толы саяхатқа аталмыш қызметті алатын 140 баланың 60-ы ата-аналарымен бірге барды. Қалған 80 бала мереке күні түрлі сыйлықтар алатын болады деп хабарлады аталған бөлім қызметкерлері. Салынғанына VІ ғасырдан аса уақыт өткен кесене орналасқан киелі мекеннің тарихи жәдігерлері мен орындарын қызықтаған балалар шат-шадыман күй кешіп, мерекенің маңызын сезінгендей. Барлық бөбек лайықты бақытты балалықтың естен кетпес шақтары үшін бұндай саяхат жыл сайын ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар өткізіліп тұрады. Өткен жылы балалар Ахмет Яссауи кесенесіне сапар шеккен болатын. Тазалықтың тотемі саналатын балақайлардың жүзіндегі қуаныш пен күлкі игі іс ұйымдастырушыларын еріксіз елітті. Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілетін балалар үшін адамдар арасындағы қамқорлық пен жанашырлық сезілетін бұндай шараның тәрбиелік мәні орасан. Адамзаттың ғана емес, тіршілік иелерінің барлығына дерлік жылулықтың жағары анық.

Назерке Мұхамедиярова.
01 маусым 2019 ж. 720 0