Көне шаһарға саяхат
Жуырда Шиелі ауданының 16 ардагері тарихи маңызы бар орындарға зиярат етіп, сапар шекті. Оларға аудан әкімі Нариман Мақұлбеков сәт сапар тілеп, арнайы шығарып салды.
Айта кетейік, өткен аптада ауданнан бір топ ардагер киелі орындарға саяхат жасап қайтқан болатын. Осы жолы да өңірдің өсіп-өркендеу жолында абыройлы еңбек етіп, егемен елдің баянды болашағына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер көне шаһарға саяхат жасады. Алдымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып Құран бағыштады. Сонымен бірге құнды жәдігерлердің тарихымен танысты. Киелі топыраққа табан тіреген зиялылар заманауи бағытта салынған «Керуен сарай» кешенін аралап көрді. Ғажайып көркімен көпшілікті баулыған қала сәулетіне қазыналы қарттар таңданыс білдірді. Қызыққа толы оқиғаларға куә болды.

Ардагер Қуанышбай Қожабеков рухани астананың жаңарып, түрлі зәулім ғимараттардың бой көтеріп, өзгергенін және ерекше әсерге бөленгенін былай жеткізді.
– Алдымен ниет етіп, осындай екі дүниенің есігі аталатын киелі Түркістандағы тарихи орындарға келуімізге тікелей түрткі болған аудан әкімі Н.Әскербекұлына алғысымды білдіремін. Керемет сапар болды. Шат-шадыман көңіл-күй сыйлаған сапар барысында қасиетті мекенді жаңа қырынан тани білдік. Тарихи сырды қаншама жыл ішіне бүгіп жатқан қаланың қым-қуыт тіршілігіне қанықтық. Саф алтындай таза ауасын сіміре жұтып, бойымызға қуат алдық, елімізге қорған болған, жеріміз үшін құрбан болған ата-бабаларымыздан қалған жəдігерлерді көріп, ойымызға рухани құнар алдық. Ата-баба рухына тәу етіп, өткеннен ғибрат алу – парызымыз, – деді ардагері.
Сапар барысында сала ардагерлерінің денсаулығын мейірбике жіті бақылауда ұстады.
Ш.ШАҒДАТҰЛЫ