Ардагерлер Арыстан бабқа зиярат етті
Жуырда Тұрсынбай датқа ауылының әкімі Әзиз Сейітовтің ұйымдастыруымен ауылдағы алпыс ардагер тарихи маңызы бар орындарға зиярат етіп, саяхат шекті.
Тұрсынбай датқа ауылында абыройлы еңбек етіп, егемен елдің баянды болашағына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлеріміздің бірінші бағыты «Оқшы ата» кесенесіне зиярат етуден басталды. Қасиетті мекендегі қорықшыдан ел аузында жүрген аңыздар мен түрлі әңгімелерден хабардар болды. Одан соң, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып Құран бағыштады. Түркістанның Отырар ауамағында орналасқан Арыстанбаб кесенесі 11 ғасырдан бергі ең көне жәдігер. Арыстан баб кесенесінің үстінде ешқашан бұлт тұрмайды дегенді тарихи әңгімелерден естіген едік. Жаңбырлы күн болса да, сол жердің аспаны ашық, күннің шуағы шашылып, жарқырап тұрды. Түркістанға табаны тиген ардагерлер шаршағанын ұмытып, одан әрі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі құнды жәдігерлерді тамашалады.

Одан соң ел арасында сұлулығымен елді сүйсіндірген «Керуен сарайында» болдық. Түркістан күн санап көркейіп келеді. Тіпті кеше соғылған керуен сарайына жыл сайын алыс-жақыннан келушілер саны да артқан.
Осындай тарихи орындарда саяхаттап қайтқан Сайлау Байекеев, Ерім Маханбетов, Құрманай Ахантаев, Базаркүл Байназарова, Нәрікбай Маханбетов, Пернеш Молдакешов, Райма Қожахметова, Сәрсен Ажаров, Кеңес Қапбаров, Бақыт Бегманов, Әнуар Қожахметов, Батырхан Маханов, Рүстем Байекеев, Мадина Әбдіраманова, Бибінұр Жүнісовалар жақсы әсерге бөленіп, риза екендерін жеткізді.
Ардагерлер рухани астананың жаңарып, түрлі зәулім ғимараттардың бой көтеріп, өзгергенін және ерекше әсерге бөленгендерін жеткізіп, түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырған ауыл басшылығы мен демеуші Ә.Сейітовке алғысын жаудыруда.
– Алдымен ниет етіп, осындай екі дүниенің есігі аталатын киелі Түркістандағы тарихи орындарға келуімізге тікелей түрткі болған ауыл әкімі Әзиз Сейітовқа алғысымды білдіремін. Керемет сапар болды. Бала күнімізден əке шешеміздің айтуымен құлаққа сіңісті болған «Отырарда отыз баб, Түркістанда түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Бабтардың Бабы – Арыстан баб» деген исі қазақтың аңсары болған сайын даладағы рухани жəдігерлерді аралап, асыл топырағына тəу еттік. Тарихи құндылықтарымызды көзбен көріп, қолмен сипап ішімізден тəубе қылдық. Саф алтындай таза ауасын сіміре жұтып бойымызға қуат алдық, елімізге қорған болған, жеріміз үшін құрбан болған ата-бабаларымыздан қалған жəдігерлерді көріп ойымызға рухани құнар алдық. Биыл тарихи орындарға осымен екінші рет келдік. Қарттарын асыл қазынам деп бағалап, шексіз сый құрметін аямаған азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Ел үшін еткен еңбектеріне зор табыстар тілейміз. Əрдайым халықтың алғысын алып, құрметіне бөлене беріңдер, – деп ақ тілегін жаудырды көпбалалы ана Айткүл Меңлібекқызы.
Осылайша, ардагерлер рухани серпіліп, туған өлкеге саяхат жасау арқылы айрықша әсерге бөленіп, марқайып қайтты. «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, қарттарын ардақтай білген елдің ғана рухы үстем болмақ. Сондықтан да, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қазыналы қарттардың қуанышты жүздерін көретін күннің көп болатынына кәміл сенеміз.
Ш.Тілеубаев