Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көне шаһарға саяхат

Көне шаһарға саяхат

Сәрсенбінің сәтті күні Ы.Жақаев ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразәлі Абдуллаевтың ұйымдастыруымен, «Алтын дән» шаруа қожалығының төрағасы Асқар Бердібаевтың демеушілігімен ауыл ардагерлері жүгін түйіп, оңтістікке қарай жолға аттанды.
Жас дәуірін туған жерінің өсіп-өркендеуіне арнап, сан-салада қызмет атқарған ардагерлер әрқашан да құрметке лайықты. Сондықтан болар, Елбасы «Жалпақ жұртыңды құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» – деген болатын. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр өңірі бұл үрдісті жақсы ұстанады. Оның ішінде Ы.Жақаев ауылының тұрғындары да бар. Үлкенге құрмет көрсете білудің бір көрінісін осы сапардан байқағандай болдық.
Ерлан Ормағанбетов тізгіндеген Газель еш кедергісіз Түркістанға жетті. Ардагерлер әуелі демін алып, тынығып алған соң Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасап, бабалардың әруағына Құран бағыштады. Мұнан соң, таңғажайып керуен сарайды аралады. Өткенді еске алып, жастық дәуіріне бір оралғандай болған ардагерлер көне шаһардың сұлулығынан ләззат алып, ризашылықтарын білдіріп, ауылға оралды.

Е.ДАТКЕНОВ
15 қазан 2021 ж. 972 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (9405).

23 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930