Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Домбыра – көненің көзі, бабаның үні. Осындай атаумен аудандық Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне орай домбырашы балалар арасында облыстық байқау өтті. Балалар жылына орай ұйымдастырылған сайысқа атадан балаға мирас болған аспаптың құлағында ойнайтын 10 өнерпаз қатысты.
Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра. Қос ішектен төгілген күй жанды тебірентпей, тербетпей қоймайтыны рас. Сондықтан да ата-бабаларымыз ежелден бері бұл аспапты қадірлеп-қастерлеп келеді. Кейінгі буын өкілдері де ерекше құрметтейді. Бұл жолғы байқаудың мақсаты – дарынды оқушыларды насихаттау, музыкалық шеберлікті шыңдау, жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту, балалар мен жасөспірімдерді көркем өнерге баулу, елдегі ұлттық мәдениеттің дамуына үлес қосу.
Шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов төл өнерді дәріптеу жыл сайын дәстүрге айналатынын жеткізді.
– Қадыр атамыздың «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп ұлттық құндылығымыз домбыраны әр қазаққа аманат екенін айтып кеткен. Ұлттық домбыра күніне орай талантты балаларды іріктеп байқау ұйымдастырып жатырмыз. Мақсат – төл өнерді жан-жақты насихаттау, жаңа есімдерді елге таныту. Байқауды жыл сайын өткізіп дәстүрге айналдырсақ деген ниетіміз бар. Жүзден жүйрік таланттар бүгін жеңімпаз атанады. Кең-байтақ қазақ даласында күй мектептері көне заманнан бері қалыптасқан. Атақты күйшілердің бүгінгі ізбасарларымен мақтанамыз. Бағзы заманда күйдің тілімен елдің тағдыры шешілген, халықтың мұң-мұқтажы қос ішектің көмегімен жеткізген. Әлеуметтік тең-сіздікті жырлаған күйлердің өзектілігі – өз алдына бір бөлек әңгіме. Талантты жастар елдің рухын оятатын, жігерлендіретін, отаншылдықты насихаттайтын күйлерді ел арасына кеңінен насихаттайды деп сенеміз, – деді ол.
Қазақ халқының рухани жәдігерлерінің ішінде мақтан етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер. Халқымызда 5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән бар. Киелі қара домбырамен орындалатын ән мен күй құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ-иірімдерімен ерекшеленеді. Байқаудың төрешілері талантты жеткіншектердің осы қасиеттерін бағалады.
Нәтижесінде бас жүлдені шиелілік Мәди Сәрсенбай жеңіп алды. І орынды жалағаштық Арайлым Боранбай, ІІ орынды қармақшылық Шыңғыс Алтайұлы, ІІІ орынды шиелілік Айдана­ Қарқынбекова және сырдариялық Азиз Темірбек қанжығалады. Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ,
Б.БӘЙІМБЕТ (сурет)
02 шілде 2022 ж. 1 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031