Су бергеннің – сауабы, су төккеннің жауабы бар
Ертеде халқымыз ішетін суына ізет көрсетіп, оны «тіршіліктің көзі, судың да сұрауы бар» деген даналық сөздермен әспеттеп, игіліктің бағасын терең түсінген. Бір жұтым суға зар болып отырған елдерді ойға алатын болсақ та, оның қаншалықты қадірлі екенін аңғару қиын емес. Ал отыз күн Оразада күні бойы нәр татпай жүретін мұсылман қауымның судың қадірін жан-тәнімен сезінері айтпасақ та түсінікті.
Десек те, ауыз су мәселесіне келгенде көбіміз судың сапасы, оның қысымының төмендігі, белгіленген уақытта ғана берілуі секілді түйіткілдердің бар екендігін айтып, шағымданып жатамыз. «Халық айтса, қалт айтпайды» расында қалалық жерден кем түсетін тұсымыз осы ауыз судың мөлшерлеп, мезгілдеп берілуінде болып отыр. Бірақ адам баласына барлық игілік пен бақ-дәулет теңдей бұйырмайтыны секілді, ауыз су мәселесіндегі кемшіліктер де уақыт өте келе шешілетін түрі бар. Суды таратушы мекеме осылай дейді. Тек бір шарт бар.

Үнемдеп ішкеннің, ұпайы түгел
Бірі білсе, бірі білмес 2017 жылдан бастап Сыр елінде 6 ауданға ауыз су тарату ісімен «Нұра топтық су құбыры» РМК «Арал» СЖКБД филиалы айналысады. Мекеме облыс бойынша 431 мыңнан астам адамды ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Оның негізгі қызметтеріне: суды магистралды құбырлар арқылы беру, суды таратушы желілер арқылы беру, кәріз суын бұру секілді міндеттер жатады. Жалпы мың жарымға жуық қызметкері бар мекеменің аудандағы жұмыстарымен «Жиделі топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі айналысады. Ал сол қызметкерлердің орташа айлық жалақысы – 132 мың 169 теңге, кейбірі тіпті 30 мың теңгенің шамасында жалақы алады. Тағы бір айта кетерлігі 2017 жылы мекеме бекіткен 2 млрд 453 млн теңге қымбатшылыққа байланысты дымға да жетпей қалған. Мәселен, 2017 жылы электр энергиясының кВт – 16,59 теңге болса, қазір оның бағасы 15 процентке өскен, ал АИ-92 маркалы бензин бағасы 6 жыл ішінде 34 процентке, жазғы дизельдік отын 76 процентке, қысқы дизельдік отын 168 процентке қымбаттаған. Ал ең негізгісі 2017 жылы 24 мың 459 теңге болып бекітілген ең төменгі жалақы деңгейі қазір 245 процентке артып, 60 мың теңгені құрап отыр.

Судың тарифі қымбаттай ма?
Осы жайыттарды тілге тиек еткен мекеме қызметкерлері мәселені шешудің тиімді жолын ұсынып отыр. Түрлі есеп-қисап жүргізу нәтижесінде олар мынадай байламға келіпті. Яғни табысты 2017 жылы бекітілген 2 млрд 453 млн теңгеден 60 процентке (6 млрд 88 млн 516 мың теңге) ұлғайту арқылы, қызметкерлердің орташа жалақысын 233 мың 579 теңгеге көтеру, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарлама бойынша несиені өтеу, арнайы техникалық жаңарту, сорғы жабдықтарын сатып алу секілді жұмыстар жоспарланған. Қалған бөлігі электрэнергия, сұйық отын сатып алу секілді шығындарға жұмсалмақ.

Бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін мекеме өкілдері адам басына шаққанда белгіленген судың мөлшері асып кеткен жағдайда белгіленетін тарифтерді 518 теңгеден, 956,74 теңгеге көтеруді ұсынып отыр. Демек 2006 жылдан бері келе жатқан есепке алу аспаптары бар тұтынушыларға – 30 теңге, есептеуіш құрылғы орнатылмаған тұлғаларға – 40 теңге тарифтері сол күйінше сақтала бермек. Ал ауыз суды есепсіз пайдаланатын тұлғалар енді ол әрекеттері үшін бірнеше есе қымбат бағада құн төлейді.
Қорыта айтқанда, мекеме бұл өзгерістер арқылы «жалақының төмен болуы, қажетті материалдар, шикізаттар мен қызметтердің нарықтағы бағаларының қымбаттауы, филиалдың несие бойынша қалыптасқан міндеттемелерін өтеу, тозығы жеткен нысандарды қалыпқа келтіру секілді мәселелерді шешіміз» деп отыр. Сондықтан суды таратушы мекеменің дәлелді уәжіне көндігіп, тіршілік көзі суды үнемдеп пайдаланғаннан басқа амалымыз жоқ.
Сөз соңында қуанышты жаңалықты айта кетейік. Жақын уақытта Шиелі ауданында судың белгілі уақытта ғана берілуі секілді маңызды мәселе толықтай шешімін табатын сыңайлы. Себебі мекеме өкілдері «Қазіргі уақытта су жеткізуші 2-ші желінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталса судың қысымы тәулік бойы төмендемейтін болады» дейді.
Рамазан ӘНӘПИЯ