РЕФЕРЕНДУМ - РЕФОРМАЛАР БАСТАУЫ
Президент Қ.К.Тоқаевтың жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Кесебаева Балайым Туғанбайқызы жұмыс іс-сапары аясындағы халықпен кездесуі Жиделіарық ауылдық округіде жалғасты.
Халықпен кездесудегі мақсаты - халыққа жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын жеткізу. Аталған кездесуге ауыл тұрғындарды жиналып, референдум өзгерісіне қолдау көрсетіп, өз ұсыныстарын жеткізді.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындарымен кездесуге «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының штаб төрағасы Сыздық Болат Мүбаракұлы, штаб мүшесі Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы, облыстық мәслихат депутаты, облыстық штаб мүшесі Алмашева Манат Тамабайқызы және Жиделіарық, Еңбекші ауылының тұрғындары қатысты.
Осы өзгеріс елде демократиялық процестерді жетілдіріп, «биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген принцип жүзеге асады. Яғни, қоғам өз өкілдері арқылы маңызды шешімдерге араласады. Осыншалық ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум қажет. Себебі бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл – бүкіл халықтың деңгейдегі міндет.
Бұл референдум – жеке адамның мүддесін қорғауға емес, барша халықтың мүддесін қорғауға, мемлекетімізді жаңа қырынан дамытуға, жаңғырту және нығайтуды көздейді. Осылайша Конституцияның 3-тен бір бөлігіне өзгеріс енгізіледі. Сондықтан баршаңызды Референдумды қолдауға шақырамын – деді, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Кесебаева Балайым Туғанбайқызы.
#ReferendumAMANAT