Тұрақты жұмыс – түзу тұрмыс
Өткен апта аяғында Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шарада 16 мекеме 142 вакансия ұсынды. Жәрмеңкеге жұмыссыздар, аз қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар шақырылды.
Шарада алғаш сөз алған аудан әкімі Нариман Мақұлбеков жәрмеңкенің мағңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта да жалғасын табатынын тілге тиек етті. Одан соң жәрмеңкеге келушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ру-6 кен басқармасы бас директорының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Олжас Жұмабай мекеме ұсынып отырған вакансиялармен таныстырды. Ал басқарманың кадр жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы Факиза Айтжанова жұмыс ізеушілерге сайт арқылы қалай өтінім беру, түйіндемені жүктеу туралы анықтама берді. Одан соң «Central Asia Mining GO» ЖШС мекемесіндегі бас механиктің орынбасары Азамат Құрбанғали өндіріс орнына 20 ауыр жүк көлігін жүргізуші, 10 бульдозер машинисті, 10 эксковатор машинисті және 1 газоэлектрмен дәнекерлеуші керек екенін жеткізіп, тұрғындарды вахталық әдіспен жұмыс істеуге шақырды.

Жәрмеңкеге қатысушылар жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұхбат құрды. Өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, түйіндемелерін тапсырды. Жұмыс іздеушілердің басым бөлігі – ер адамдар. Сәйкесінше «Ру-6», «Семізбай-U», «Уранқуат» және «Central Asia Mining GO» ЖШС-ға қызығушылық танытып, түйіндемелерін қалдырып жатқандардың қарасы көп болды. Одан бөлек аурухана мен кенттегі бірнеше сауда дүкендері келушілерге бос жұмыс орындарын ұсынды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өңірлерде жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құруды тапсырған болатын. Соған орай, халық санының өсуін ескере отырып, елде 2025 жылға дейін 780 мың жұмыс орны ашылады. Ал биылғы жылдың басынан бері жұмыспен қамту орталығы арқылы 384 азамат тұрақты қызметке орналасса, 600-ге жуығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Жұмыссыздар үшін электронды еңбек биржасы жұмыс істеп тұр. Жалпы халықты жұмыспен қамти отырып, олардың табысын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жасалып келеді. Мәселен, өткен жылы 2312 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 3 мыңнан аса тұрғын «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.
Қуантарлығы сол, бүгінгі жәрмеңкеде талай маман өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Енді тек бел шешіп, білек сыбана іске кірісу керек. Айта кетейік, мұндай жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Гүлхан ЯХИЯ