Жәрмеңке жаңа мүмкіндік берді
Өткен апта соңында Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – тұрғындарға электронды қызметтерді насихаттау, атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сала мамандарынан заңгерлік кеңес алу болды.
Жәрмеңкеге халықтың сұранысы жоғары жер, әлеуметтік, білім, тұрғын үй, сәулет және құрылыс, ахаж, әділет, салық, көші-қон салаларының және халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты.
Шара барысында 23 мекеме мен кәсіпорын келушілерге 31 бос жұмыс орнын ұсынып, талаптарын түсіндірді. Жәрмеңкеге 147 аудан тұрғыны қатысып, оның ішінде 12 азамат тұрақты жұмысқа, 3 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама алды. Одан бөлек, 2 аудан тұрғыны кәсіп ашу мақсатында мемлекеттік грантқа конкурсқа қатысу үшін құжаттарын өткізді.
Асылым ДҮЙСЕНБАЙ.