БІЗ ДЕ ҒАШЫҚ БОЛҒАНБЫЗ
28 наурыз күні Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Бұдабай ақын атындағы мәдени-шығармашылық орталық театрында «27 наурыз – Халқаралық театр күніне» орай Сұлтанәлі Балғабаевтың «Біз де ғашық болғанбыз» драмасы қойылды.
Театр өнерінің шоқтығы биік туындыларына сусап қалған шиелілік көрермен үшін үлкен жаңалық болды. Сондықтан болар бұл кеште театрға ағылған ағайынның қарасы көп болды. Ал кешке арнайы шақыртылған қонақтар қатарында аудандық мәденет бөлімінің басшысы Исабек Байкенжеев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова, аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы, мәслихат депутаты Нұрболат Пірімбет бар.

Ал спектакльге келер болсақ, қойылым қос тағдырдан өрбіген өмірді өзек етеді. Алып ұшқан жастық шақтың қателіктері алдынан орағыта берген өмірлерді баяндайды. «Үйлену оңай, үй болу қиын» екендігін ескертеді. Пьессаның желісі бойынша басты кейіпкерлер Дәукеш пен Зияда кезінде бір – біріне қатты ғашық болған, бірақ намыс, қызғаныштың кесіренен айрылысып тынады. Алайда «Сүйгеніңнен айырылмау керек» екенін айырылысып біраз жылдар өткеннен кейін бірақ түсінеді.
«Өскен өңір» ақпарат