СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА 33 ЖЫЛ
Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 33 жыл толды. ХХ ғасырда Қазақтың басына түскен зор қасірет қолдан жасалған еді. Адам өмірі мен табиғатқа келтірілген зиянның ауқымын елестетудің өзі қорқынышты.Осыдан 33 жыл бұрын, яғни 1989 жылдың 25 ақпанында Семейдегі сынақ полигонын жабу үшін ұлы күрес басталған болатын. Белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің жетекшілігімен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыс Қазақстанда ядролық қаруларды сынауды дереу тоқтату жөнінде ашық мәлімдеме жариялап, еліміздің барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдарына, бейбітшілік қорғау комитетіне, басқа да халықаралық ұйымдарға үндеу жариялаған еді. Сөйтіп, қозғалыс халықаралық мойындауға ие болды.
Семей полгоныны жабылған күн – қазақ халқының ғана емес, әлем халықтары үшін де ерекше маңызды. Жыл сайын жұртшылық полигонда жүріп қаза тапқандарды еске алады. Ал көзі тірі азаматтарды жасаған ерлігі үшін, ардақтап құрметтейді. Осындай құрметтің бір парасы ақпан айының 28-ші жұлдызында Шиелі ауданы әкімдігінде көрініс тапты. Аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов ядролық сынаққа қатысқан азаматтармен кездесу өткізді. Жиын Семей полигонындағы ауыр жағдайларды еске түсіріп, қазіргі бейбіт күнге шүкіршілік айтумен басталды. Содан кейін:

– Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 33 жыл толды. Тәуелсіз ел ретіндегі мемлекетіміздің қабылдаған алғашқы тарихи шешімдерінің бірі Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы болғанын жақсы білесіздер. Бұл оқиға еліміздің Тұңғыш Президенті, Ел басы Н.Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен сындарлы саясатының арқасында жүзеге асты. Осылайша ұзақ жылдар бойы жапа шеккен халқымыздың қасіреті мен ядролық сынақтарға тосқауыл қойылды. Біз сіздердің Отан алдындағы осынау бір үлестеріңізді әрдайым ерекше бағалап, құрмет тұтамыз, – деді А.Есмаханов.
Одан әрі басқосуға келген ардагерлер әлеуметтік қолдау шаралары аясында пікір алмасып, жасалып жатқан қолдау шараларына ризашылықтарын жеткізді.
Кездесу барысында аудандық Семей ядролық полигоны ардагерлері тарих парағына өшпестей із қалдырған ядролық сынақ зардаптарынан сыр тартып, еліміздің амандығы мен тыныштығын тіледі. Сонымен қатар бүгінгі көрсетіліп жатқан құрметке алғыстарын білдірді.
Шарға келген қонақтардың атынан аудандық сайлау комиисясы төрағасының орынбасары Нәйлә Әбілқасымқызы ардагерлерге ризашылығын білдірсе, аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағамбет Әлиясқарұлы жүрекжарды лебізін білдірді.
Жиын барысында А.Есмаханов Семей сынақ полигонының зардабын жоюға атсалысқан бірқатар ардагерлерге алғыс және құттықтау хатын табыстады. Олардың қатарында Самат Қасымұлы, Орынбасар Әнесбайұлы, Хайбрахман Мансұров, Генадий Александрович бар.
Марапаттау рәсімінен кейін шараға қатысушылар естелік суретке түсіп, «Тағзым» алаңына барып, қаза болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Семей ядролық полигоны апатының құрбандары мен өмірден өткен ардагерлерге арнап гүл шоқтарын қойды.
Сымбат СЕРІКҚЫЗЫ