Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕНІМГЕ СЕЛКЕУ САЛМАҒАН САҚШЫЛАР

СЕНІМГЕ СЕЛКЕУ САЛМАҒАН САҚШЫЛАР

Елімізде қаңтар айының 07-19 аралығында төтенше жағдай жарияланған болатын. Осы кезде тәртіп сақшылары қаңтардың қаһарлы аязына қарамай жиырма төрт сағат аяғынан тік тұрып, міз қақпай ел тыныштығын күзетіп, халықтың қамы мен көптің қауіпсіздігі үшін барын салып жұмыс істеді. Айта кетейік, күрделі әрі сынақты кезеңде ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ең бірінші кезекте полиция қызметкерлері қажырлы еңбек етті. Осыған орай құқық қорғаушыларға қолдау көрсету, оларға алғыс білдіру және жұмыстарын көрсету мақсатында аудандағы төрт бірдей тосқауыл бекетінде болып, түнгі ауысымда қызметтерін атқарып жүрген тәртіп сақшыларының жұмыс барысын бақылап қайттық.
Айта кетейік, газеттің №4 санында күндізгі блокбекеттегі тәртіп сақшыларының жұмысын көрсеткен болатынбыз.
Ең бірінші болып Шиелі кенті, Әбдікәрімов-Жүсіпов көшелерінің қиылысында орналасқан №1 бекеттің жұмысын көзбен көрдік. Онда полиция полковнигі Досым Әбуов, полиция капитаны Дәулет Болатов, полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Сұлтанхан, полиция лейтенанты Мақсат Сейітжановтар ел тыныштығын күзету жолында сақадай сай жұмыс істеп тұр.
– Біздің міндет – елдің амандығын, қоғамның тыныштығын күзету. Осы жауапкершілік міндетін мінсіз атқарып, аянбай еңбек етудеміз. Біз күзеткен, 12 күннің ішінде екі тәртіп бұзушылық анықталды. Комендаттық сағаттан кейін жолдың бойына шыққан 2 автокөлік ұсталып, автотұраққа қамалды. Оларға әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес тиісті шара көрілді. Алдағы уақытта да аудандағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға және қылмыспен күресу ісіне, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ат салысуға тиіспіз, – деді полиция полковнигі Досым Әбуов.
Блок-бекеттердің жұмысымен танысу әрмен қарай «Шымкент – Самара» жолы 21 бекеттің кіре берісінде орналасқан №2 бекетте жалғасты. Онда полиция подполковнигі Руслан ­Ауланберген, полиция лейтенанты Нұрдәулет Қаржаубаев, полиция аға лейтенанты ­Мейрамбек Тулепов, полиция лейтенанты Жаһангер Супебековтер түнгі тәртіпті қатаң қадағалауда.
– Түнгі кезекшілік қырағылықты қажет етеді. Беймезгіл уақытта қоғамдық қауіпсіздікті бұзғандар көптеп кездесіп жатады. Одан бөлек, түнгі уақытта жүрген автокөліктерді тексереміз. Жұмыс барысында коменданттық сағаттан кейін жолға шыққан 4 автокөлік тәртіпті бұзғаны үшін құрықталды. Оның екеуі жасөспірім аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, тиісті шара көрілді, – дейді полиция подполковнигі Руслан Ауланберген.
Осыдан кейін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінен Н.Бекежанов ауылының кіре берісінде орналасқан №3 блок бекетке ат басын бұрдық.
Бұл жақта полиция капитаны Жандос Айдарбеков, полиция капитаны Дарын Әзімхан, полиция лейтенанты Нұрдәулет Ержанов, полиция лейтенанты Берікбол Әміровтер кірпік қақпай ел тыныштығын күзетіп тұр.
– Бізге уақытпен санасуға болмайды. Біз өзімізге белгілеп берілген аумақтың тыныштығын күзетіп, қылмысты болдырмау үшін тәулік бойы жұмыс істейміз. Алғаш рет 7 қаңтарда блок пост қойылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінен Н.Бекежанов ауылының кіре берісінде тұрып, елге кірген-шыққан көліктерді тексердік. Күндіз 4 полицей кезекшілік етсе, түнгі мезгілде екінші топ бақылау жасайды. Көбіне аудан азаматтары, мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларды кезіктіреміз. Негізгі шектеу кешкі сағат 23:00 мен таңғы 7:00-ге дейін. Бүгін аудандағы блок постты алу туралы бұйрық берілді. Жолаушылар көлігінен қауіпті заттар да анықталмады, – дейді полиция капитаны Жандос Айдарбеков
Тілшілер аялдайтын ендігі кезек Шиелі кенті, әл-Фараби көшесі Ақ Орда мөлтек ауданы қиылысындағы №4 блокбекет. Онда полиция капитаны, кезекші бөлім кезекшісі Алғашбек Урманов, полиция капитаны Нұржан Әміров, кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі инспектор, полиция капитаны Еркебұлан ­Абасилов, полиция лейтенанты, учаске көмекшісі Әлихан Тұрғанов ел тыныштығын күзетуде.
– Ер – ел басына күн туғанда сыналады. Сондықтан қаһарлы қыс, ыстық жаз демей, ел тыныштығын күзетуге әзірміз. Бүгін блокбекеттің соңғы күні. Осы кезге дейін бізге жанашырлық танытқан аудан тұғындарына ризашылығымызды білдіреміз, – дейді полиция капитаны, кезекші бөлім кезекшісі Алғашбек ­Урманов.
Айта кетейік, қаңтардың 19-на қараған түні Қызылорданың жергілікті уақытымен түнгі 00:00 де блокбекет өз жұмысын тоқтатты. Тәртіп сақшылары қылмыспен күресуде және оның алдын алуда табанды еңбек етті.

Шапағат ТІЛЕУБАЙ

21 қаңтар 2022 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930