Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам тыныштығын қорғағандар

Қоғам тыныштығын қорғағандар


Сейсенбі күні ел тәуелсіздігінің30 жылдық мерекесіне орай аудан әкімі ­Нариман Мақұлбеков ел тыныштығын күзетіп, тәртібін қадағалап жүрген бір топ құқық қорғау саласының қызметкерлерін тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, лайықты құрмет көрсетті.
Бәріміз білетін тәртіп сақшыларының жұмысы уақытқа бағынбайды. Тұрғындардың қауіпсіздігі, қылмыскерлерді құрықтау, заңсыздықты анықтау, осының бәрі – олардың мойнында. Тәртіп сақшылары ауданда қылмыстың азаюына, жол-көлік оқиғаларының алдын-алуға, көшедегі келеңсіздіктердітізгіндеуге барын салып, тынбай еңбек етіп келеді. Тіпті, олар қандай да бір төнген қауіпті ауыздықтауда жанын да қияды. Тәуелсіздік қарсаңында осыны ескерген аудан әкімі арнайы алғысын білдіріп, тәртіп сақшыларды құттықтады.
– Отыз жыл аз уақыт емес. Осы уақыт ішінде шекарамызды шегендеп, мақсатымызды айқындап, алға қадам бастық. Егеменді жылдарда талай жетістіктерге жеттік. Ұлттық рәміздерімізді бекітіп, айбарлы Ата Заңымызды қабылдадық. Бастысы, Елбасының батыл шешімі – Астананы Ақмолаға көшіргеніміз. Қазір ел қызығар Елордаға айналды. Осы ретте, прокуратура қызметкерлері елдің тыныштығын күзетумен қатар Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосып келесіздер. Елге қызмет ету азаматтық парызымыз. Қылмысқа қарсы күрес саласындағы бағдарламалық құжаттарды бірлесіп іске асыру өңірдегі қылмыстың айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенемін, – деп атап өтті аудан әкімі Нариман Әскербекұлы. Одан әрі іс-шара барысында сала ардагерлері мен қызметкерлеріне алғыс хат табыс етілді.
Сонымен қатар, мереке күні аудан әкімі Н.Әскербекұлы аудандық ішкі істер бөліміне барды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ішкі істер қызметкерлері де марапат төрінен көрінді. Атап айтар болсақ, дала академигі Ы.Жақаевтың 130 жылдығы медалін Шиелі АПб бастығы Д.Беркінбаев, Б.Әнуаров, Б.Әбілдаев, Е.Даукеев, М.Баймағанбетовтердің кеудесіне тақса, аудан әкімінің алғыс хатымен А.Кешебайұлы, Ж.Бақытұлы, Б.Қошқарұлы, М.Бақытұлы марапатталды.
– Біз әрқашан халық алдындағы жауапкершілікті сезініп, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолында адал еңбек етуге міндеттіміз. Ішкі істер саласындағы қызмет етіп жүрген әрбір адам жұмысын жан-тәнімен сүйіп, құлшыныспен еңбек етуі керек. Осылайша біз қоғамға пайда келтіре аламыз, – деді Шиелі АПб бастығы Д.Беркінбаев.

Шапағат ТІЛЕУБАЙ
16 желтоқсан 2021 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930