Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды
Жуырда тәжік-ауған шекарасындағы ұрысқа қатысқан ардагерлерге арналған қоғамдық бірлестіктің кабинеті ашылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Р.Шарипбаев, «Тәжік-ауған» шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері» Шиелі аудандық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байжанов, ұрыста ерлікпен қаза тапқан Е.Әбдиевтің әкесі С.Әбдиев қатысты.
Халықаралық келісімге сәйкес, еліміздің Ішкі әскері 1993 жылдың маусымынан 1999 жылдың тамызына дейін тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатысты. Олар елдің бейбітшілігі мен тыныштығы үшін күресіп, отан алдындағы міндетін абыроймен атқара білді. Міндет – отанды қорғау деген ұранмен қырғын соғыста жас жігіттер өмірлерін құрбан етті. Барлығы он жеті қазақстандық жауынгер көз жұмса, отыздан астамы түрлі жарақат алды.
Халықаралық келісімге сәйкес, еліміздің Ішкі әскері 1993 жылдың маусымынан 1999 жылдың тамызына дейін тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатысты. Олар елдің бейбітшілігі мен тыныштығы үшін күресіп, отан алдындағы міндетін абыроймен атқара білді. Міндет – отанды қорғау деген ұранмен қырғын соғыста жас жігіттер өмірлерін құрбан етті. Барлығы он жеті қазақстандық жауынгер көз жұмса, отыздан астамы түрлі жарақат алды.
Алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Әбілқасымұлы ардагерлерді құттықтады:
– Арада 27 жыл өтсе де, тәжік-ауған шекарасында орын алған соғыстың халық жүрегіне салған жарасы, қайғы-қасіреті елдің санасынан өшпек емес. Сол қантөгісте ерлікпен антқа адалдықтарын дәлелдеген Шиелінің жаужүрек жігіттерінің батырға лайық орны бар. Олар біздің мәңгілік жадымызда. Сіздер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің лайықты ізбасарлары ретінде жастарға патриоттық тәрбие беруге үлкен үлес қосып келесіздер. Сондықтан да, барша халқымыз жат жерде намысты ту етіп ұстап, ерліктің үлгісін көрсеткен ардагерлерге әрқашанда тағзым етеді. Елдікті құрметтеу, батырлықты дәріптеу, боздақтар рухын еске алу әрдайым азаматтық міндетіміз болып қала береді, – деді.
Бұл күн қасіретке толы күн болды. Қазақтың өрімдей жастары қаза тапты. Ол күндер тәжік-ауған соғысына қатысқан ардагерлердің жадынан өшкен емес.
– Тәжік-ауған шекарасындағы қаралы оқиғаға қанша жыл өтсе де, халықтың жүрегінде. Қайткенмен қайсар ұлдарымыз айқын басымдықпен тойтарыс танытқан жауға барынша төтеп беріп, жауынгерлік борыштарын өжеттілікпен өткерді. Абыройды таптатпай, антқа деген адалдықтарын танытты. Ішкі әскер жауынгерлерінің ерлік істерін Елбасы – «Қазақстандық батальонның сарбаздары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыртқы шекарасының тәжік-ауған бөлігін ерлікпен күзетті. Боздақтарымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтау жолында жанын пида етті деп жоғары бағалады» – дейді, ардагер Ғалымжан Байжанов.
Шара соңында қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Р.Әкімжанұлы мен Ғ.Балтабайұлына Тәуелсіздіктің 30 жылдығы медалін тақса, қалған тәжік-ауған соғысының ардагерлеріне алғыс хат табыстады.
Ш.Тілеубай