Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚАЗБАТ» ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ КУӘЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

«ҚАЗБАТ» ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ КУӘЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

ТӘЖІК - АУҒАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНІҢ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ҚҰРЫЛДЫ.

«NUR OTAN» партиясы Шиелі аудандық филиалының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектерінің жиналысы өтті.
Жиналысты Шиелі аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Сыздық ашып жүргізді.
Жалпы Шиелі ауданынан 47 азамат осы бітімгершілік миссияны орындау мақсатында «Қазбат» бітімгершілік батальоны құрамында Тәжік-Ауған шекарасы аумағындағы әскери ұрыс қимылдарына қатысып, бүгінгі күнге ауданымызда олардың саны 38 ардагер.
«Тәжік-Ауған» шекарасындағы әскери ұрыс қимылдарында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің қатарында жерлесіміз Әбдиев Ержан ҚР Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталды. Ауыр жарақат алған 3 азамат ІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен «Жауынгерлік» ерлігі үшін» медалінің иегерлері атанды.
«Тәжік-Ауған» шекарасындағы әскери ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектерінің Шиелі аудандық қоғамдық бірлестігінің ардагерелері мен мүгедектеінің қоғамдық бірлестігінің ашылуында бірнеше азаматтарға куәлік табысталды.

Аудандық Ішкі Саясат Бөлімі ФБ парақшасынан



06 маусым 2021 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031