Ер есімі – ел есінде

Қалмағанбет Қосжанов 1913 жылы Иіркөл ауылында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектептің 3 сыныбына қабылданып, оны ойдағыдай тәмамдап, комсомол комитетінде әртүрлі қызметтер атқарған. 1938-1940 жылдары Шиелі-Жаңақорған ауданы бірігіп тұрғанда Жаңақорған ауданында комсомол комитетінің секретары болып жүріп, Жаңақорған ауданы әскери комиссариат арқылы 1940 жылы 5 сәуірде әскер қатарына аттанады.
Оның әскердегі өмір 1940 жылдың 1 мамырында 46 таулы ковалериялық полкта әскери ант қабылдап, Сталиннің тапсырмасымен Фин шекарасынан басталады. 1941 жылы 17 қазанда Армия генералы Жуковтың қолбасшылығымен неміс-фашист басқыншылығымен қоян-қолтық соғыс жүргізеді. Қ.Қосжанов 1941 жылдың қазан айынан, 1945 жылдың мамыр айына дейін Беларусия, Польша, Берлинді жаудан азат етуге қатысқан. Соғыс ардагері жеңіс тойын Берлинде қарсы алады. Елге оралған соң, аудан көлемінде партия саласында әртүрлі қызметтер атқарды. Атап айтар болсақ, 1945-1947 жылдары Шиелі ауданында комендант, 1947-1953 жылдары Жиделіарық ұжымында парторг болып еңбек етті. 1960 жылға дейін Қызылту колхозында әртүрлі қызметтер атқарған.
Қарт майдангер Қ.Қосжанов 3 қыз, 3 ұл өсіріп, тамырын тереңге жайып, жасы жетпістен асқанда қайтыс болды.
Ш.ШАҒДАТҰЛЫ