Есімі ел есінде сақталады
Шиелі ауданында адал қызмет етуді мақсат тұтқан азаматтар баршылық. Өткен ғасырдың орта шенінде елдің дамуына елеулі қызмет етіп, соғыс жылдары қиындық қияметін татқан тұлғалар легі де аз емес. Біздің өңірде осындай жандарға құрмет көрсетіп, есімін ұлықтап, атына көше беру игі дәстүрге айналған. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында өткен сенбі күні Ұлы Отан соғысының ардагері Пазылхан Қалышұлы есімін мәңгі сақтау мақсатында Досбол би ауылында көше атауы берілді.
Бұл игі іс Ұлы Отан соғысында жеңісті жақындатып, бейбіт өмірді орнатуға үлес қосқан ардагерді ұлықтаудың жарқын көрінісі болары хақ. Ардагердің атына берілген көшенің салтанатты түрде ашылу рәсіміне «Есабыз баба» қорының президенті Әбдімәлік Сейтжанұлы, облыстық Семей-Невада қоғамы ұйымының төрағасы Сәбит Әбішов, ауыл ардагерлері және ұрпақтары қатысты. Жиында ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, «Сыр бойы» газетінің тілшісі Дүйсенбек Аяшұлы сөз алып, еңбек ардагерінің ерен еңбектерін еске алып, оның өмір өткелдері, Отан үшін қан кешкен жылдардағы ерліктері, бейбіт күндегі қажырлы еңбегі үлгі етілді.
– Ал, ауыл әкімі Ержан Ахметов бұл киелі топырақтан талай текті тұлғалар, елге еңбегі сіңген азаматтар шыққан. Солардың бірі жеңіс жолында күрескен батыр, соғыс және еңбек ардагері – Пазылхан Қалышұлы. «Асыл туған адамның алтын жетпес нарқы бар» деген дана халқымыздың ұлағатты сөзінің астарын бүгінгі ұрпаққа өнеге ете білген Пазылхан атаның ерен еңбегінен аңғаруға болады. Бүгінде атаның ұлылығын ұлықтап, еңбегін елге таныта білген батырдың ұлағаты біздерге өнеге, – деді.
Пазылхан Қалышұлы 1922 жылы қазіргі «Жуантөбе» ауылында дүниеге келген. Ол 1941 жылы алғашқы лекпен осы ауылдан – Бахрадин Әуезов, Смаил Мәліков, Дәукен Нұрманов, Әлі Ділманов пен ағайынды Әмірхан мен Батырхан Қалышевтар секілді азаматтармен бірге майданға аттанады. Ер азаматтар майданға кетіп жатқан соң, Пазылхан да қатарластарынан қалмай, Шиелі әскери комиссариаты арқылы азаматтық борышын өтеуге аттанады. Солдаттық өмірі басталысымен көп ұзамай-ақ Украинаның Днепр өзені маңында, одан соң Львов төңірегіндегі ұрысқа қатысады. Фашистердің тауы шағылып, тауаны қайтпаған алғашқы қиын кезеңде Ленинград, Сталинград, Украина, Белоруссия қалаларын жаудан азат етуге қатысады. Ұрыс даласында түрлі қиындықтарды бастан кешкен жауынгер елге қайтам деп жүргенде 1945 жылдың тамыз айында Жапон соғысы басталып, басынан аяғына дейін қатысып ерліктің ерен үлгісін көрсетеді. Жеңісті Берлин қаласында қарсы алады. Содан елге 1947 жылы оралып, бейбіт өмірге араласып, шаруашылықтың өсуіне, ауылдың өркендеуіне күшін сарп етті.
Өмірі қиыншылық кезеңіне тап келіп, ғұмыры еңбекпен өрілген Пазылхан Қалышұлының атындағы көшенің ашылуында ұрпақтары атынан ұлы Асылбек Пазылханұлы сөз сөйледі. Ол ұзын көшенің елге еңбегі сіңген жанның есімімен аталуы ерекше құрмет екенін жеткізіп, өз алғысын білдірді. Шарада ауыл ардагерлері бата беріп, көпшілік көше басындағы ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуына куә болды.

Шапағат Тілеубаев