Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінде "ГАЗБАЛЛОН" акциясы бастау алды

Сыр өңірінде "ГАЗБАЛЛОН" акциясы бастау алды

1-5 желтоқсан аралығында республика көлемінде "ГАЗБАЛЛОН" акциясы өтуде. Осы ретте Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, газ баллондарды тұрмыста қауіпсіз пайдалану ережелерін насихаттауда.

Газбен улану мен өрттің алдын алу үшін төмендегі қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды:

Газ баллондарды күн сәулесі тікелей түсетін немесе жылыту құрылғыларына жақын жерге қоюға болмайды;
Баллондар тек арнайы рұқсат етілген бекеттерде толтырылуы тиіс;
Тозығы жеткен, мерзімі өткен баллондарды қолдануға болмайды;
Газ иісі байқалған жағдайда, дереу баллонды жауып, үй-жайды желдетіп, мамандарға хабарлау қажет;
Баллон орнатылған үй-жайларда үздіксіз желдету қамтамасыз етілуі керек;
Пеш немесе плиталар қосылғанда оттың жануын бақылау қажет, жалын сөніп қалса – газ жиналып, жарылыс қаупі туындайды;
Авткөліктерге газ орнату жұмыстарын тек арнайы мамандарға тапсырыңыз және арнайы рұқсат белгісінің болуын қамтамасыз етіңіз;
Газ қондырғысы орнатылған автокөліктердің паркингтерде, жабық және жер деңгейінен төмен орналасқан тұрақтарда орналстыруға тыйым салынады.

Құрметті тұрғындар! Газ — ыңғайлы әрі үнемді, бірақ қауіп төндіруі де мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз!
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 104 нөмірлеріне хабарласыңыз.
01 желтоқсан 2025 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

№89 (9356)

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031